Рыскелді Мырзабекова

Орта ғасырлар тарихы


Скачать книгу

хрониктер саналады. Материалдық жағынан бай анналдар – Вестфалиядан табылған VІІІ ғасырдың дерегі. Ескі саксондық дәстүрлер сақталған дерек –«Кведлинбург анналдары».

      Италияда да өзге Еуропаның елдеріндегідей грамоталар жақсы сақталған. 1154-1161 жылдары бүкіл Италиядағы феодалдық территориялардың көлемі жайында «Барондар каталогы» жазылды. ХІІ-ХV ғасырлар аралығында нұсқаулар, әкімшілік іс-қағаздары, есептер жайында мәлімет беретін құжаттар өте мол. Осындай үлгіде жазылған Италияның аграрлық құрылысы жайындағы мәліметтер грамоталар, кадастрлар, заңдар, әкімшілік көшірмелері болып бөлінеді.

      Дамыған феодализм кезеңіндегі шіркеуге қатысты деректерді айтқанда Оттон Фрейзенгенскийді айтпай кетуге болмайды. Ол – ауқатты жанұядан шыққан император ІV Генрихтің немересі. Парижде оқып білім алған. Өз заманының саяси қақтығыстарының белсенді қатысушысы болған. Оның атақты еңбегі – «Екі мемлекет туралы». Августиннің саяси концепциясы негізінде жазылған 8 кітаптан тұратын бұл еңбекте Оттонның саяси портретін көруге болады.

      Дамыған феодализм кезеңіндегі деректерге тоқталғанда крест жорықтары туралы айтпай кетуге болмайды. Крест жорықтары туралы деректер батысеуропалық жылнамаларда сақталған, латындық шығыстың тарихшыларының еңбектері негізінде жазылған. Мұндай деректердің қатарына «Франктердің және өзге иерусалимдіктердің әрекеті», «Франктер әрекеті», «Иерусалимді алған франктер тарихы» жатады.

      Византияда аграрлық қатынастар және қалалар тарихы жөнінде құжаттық материалдар мол. Бірақ Византия мемлекетінің ХV ғасырдың орта шеніне дейін өмір сүруі құжаттардың басым бөлігінің жойылып кетуіне алып келді. Аздаған құжаттар Италияның және Батыс Еуропаның басқа қалаларында ғана сақталды. Бұлардың басым бөлігі, негізінен, монастырьлік жер иеліктеріне қатысты аграрлық мазмұндағы актілер еді. Византия қаласының тарихы туралы сақталып қалған кітап – «Эпарх кітабы» (Х ғасыр).

      ХІV ғасырда капиталистік қатынастардың алғашқы белгілері көрініс алған Италияның ірі компанияларына сауда кітаптарын жүргізу қажеттілігі туды. Батыс Еуропаның басқа елдерінде мұндай кітаптар ХV ғасырда кездеседі, олар ХVІ ғасырдан бастап кең тарады. Сауда, өнеркәсіп, ақша айналымы тарихы үшін ХІV ғасырдан бастап аса бай құжат материалдары – сауда келісімі, қарыз құжаттары, квитанциялар сақталған.

      ХІІІ-ХV ғасырлар аралығы феодалдық құқықты жазумен сипатталады. Германияда «Зерцала», Францияда «Кутюм», Испанияда «Фуэрос», кресшілер мемлекетінде «Иерусалим ассиздері». Бұл жазбаларды, әдетте үлкен тәжірибесі бар заңгерлер әзірледі. Ол жерде феодалдық жеке меншік қатынас, сот істері, жеке сословиелердің өзара қарым-қатынасы, вассалдық қатынастар реттеліп отырды. Византияда орталықтандырылған мемлекеттің және заң шығарудың сақталып қалуына байланысты, сондай-ақ Рим правосының үстемдік етуі нәтижесінде заң жинақтарының сипаты біршама өзгеше болды. Мысалы, «Пира» жинағы. Қалаларда ХІІІ-ХV ғасырларда, негізінен, Рим правосы