алғашқы белгілері ХІV-ХV ғасырларда Италия мен Нидерландының ірі сауда өнеркәсіптік қалаларында орын алды. Бұл процесстер Еуропаның барлық қалаларында бірдей деңгейде жүрген жоқ. Кейінгі ортағасырлық деректерде ұлттық тілде жазылған деректер басым сипатта болды. Қала тарихы, саяси билік түрлері баяндалған деректер – «Венеция тарихы», «Флоренция тарихы», «Италия тарихы» жазылды.
ХV ғасырда Испания мен Португалия туралы деректер олардың отары болған Америкада жақсы сақталған. Географиялық ашылулар жөніндегі деректер, билік формаларының сипаты кең көрініс алып отырған. Тарихи шығармалардың ішінде ХVІ ғасырда жазылған Себастиан Франктің еңбегін айтуға болады. Мұнда неміс тарихнамасы және қоғамдық ойлар көрініс тапқан.
Өндіргіш күштердің өсуі, қалалардың дамуы, орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы, мәдениет пен тарихтың дамуындағы жаңа сатының қалыптасуы кейінгі орта ғасырлар тарихы деректерінің сипатына да әсер етті. Деректердің саны көбейді, жаңа түрлері пайда болды, құрылымы күрделенді. Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, тауар-ақша қатынастарының дамуы келісімдер мен іс-шаралардың заңдық жағынан терең талдануын қажет етті. Басқару аппаратының жетілуі, қызметінің кеңеюі іс-қағаздарға да өз әсерін тигізді.
Актілік құжаттар жалпы және жеке деп бөлінді. Жалпы актілерге императорлардың, корольдердің, жеке құқығы бар феодалдардың, сонымен бірге шіркеу басшылары – Рим папалары, патриархтар мен епископтардың грамоталары, дипломдары жатады. Мысалы, Византияда алтын мөрі бар грамота «хрисовул» деп аталса, Папа канцеляриясындағы қорғасын мөрлер «булла» деп аталды. Арнайы заңдық білімі бар, ерекше статусты иеленген адамдар қалыптастырған құжаттар жеке актілерге жатты. Нотариустар құжатты арнайы үлгі бойынша дайындады. Нотариалдық актілер бізге көшірме түрінде және картикулярлардың құрамындағы қысқаша жазбалар ретінде жетті. Еуропа қалаларының ішінде Италияда актілер жинағы мол. Жерорта жағалауының елдерінде нотариат институты ХІІ-ХV ғасырларда кең дамыды. ХІV ғасырдың соңында нотариалдық актілерді жеке жазбалар ығыстырып шығара бастады, олардың заңдық күші болған жоқ. ХІV ғасырдың ортасынан сол уақыттың жетілген бухгалтериялық жүйесіне негізделген құжаттарды итальян республикалары – Флоренция, Генуя, Венеция және басқа да Батыс Еуропа мемлекетері өз тәжірибесінде пайдаланды. Күрделі коммерция әлемінде бағыт-бағдар болуы үшін саудаға байланысты жетекші құжаттар пайда болды. Олардың арасындағы танымалы – ХІV ғасырдың бірінші жартысында жазылған флоренциялық Франческо Балдуччи Пеголоттидің «Сауда тәжірибесі» атты еңбегі.
Шаруашылыққа байланысты маңызды деректерге жер опистері, кадастрлар жатады. Византиядағы жер санағы «практиктер» деп аталды. Негізінен, монастырьлік практиктер көп сақталған. Дамыған феодализм кезеңіндегі деректер өзінің заңдық ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Қалалардың гүлденуі, қаланың өзін-өзі басқаруының қалыптасуы қала мен феодалдық