Ғани Омаров

Практикалық археология


Скачать книгу

керек. Ол үшін белгіленген аймақтың және оған көрші орналасқан аудандардың (егер бұл қала болса, онда жақын маңда орналасқан ауыл, әулиелі жерлер, мола, ежелгі атауы бар жоталардың, өзен сағаларының және т.б. маңызды орындардын болуын анықтау керек) топографиялық ерекшеліктерімен жақсы танысу қажет. Егер қалада жүргізілсе, онда бұл орынның ежелде қандай қызметі болғандығын анықтауы тиіс. Бұл сұрақтарға жауапты археолог жазба деректерді, жергілікті қаланың жоспары мен тотграфиясын зертеу арқылы таба алады. Зерттеу орнының орналасу аймағы туралы кішкене болса да білу далалық жұмыстар процесі барысында табылған материалдардың интерпретациясын жасауға, оның қоршаған ортадағы орнын анықтауға көмегін тигізеді. Археологтың шағын аудан немесе қалалық нысанды зерттеу барысындағы негізгі міндеттерінің бірі – сол жерде тұрып жатқан халықтармен жақсы қарым-қатынаста болуы. Осындай мәселені шешу барысында, археолог шағын аудандағы бір-бірімен табиғи аймақтық кедергілер (өзен, көл және т.б.) арқылы шектелген 10 қалашықтың біреуі ғана тайпалық орталық, ал қалғандары тығыз байланысқан қоғамдық орта болу мүмкіндігін байқауы тиіс. Осы арқылы археолог белгілі мәліметтерді қолданып және оған қосымша материалдарды қосып, шағын ауданның анықталған тарихи кезеңдегі даму деңгейінің тұтастай бейнесін құрастыра алады. Жұмыстың бұл түрі қиын және бірнеше жылға созылуы мүмкін. Бірақ алынған ауданның тарихи мәліметтерін жүйелендіруден бас тартуға болмайды, себебі тек осындай жолмен ғана маңызды ғылыми нәтиже табуға болады.

      Әрбір нысанның арасынан байланыс жүргізу үшін нақтылы хронологиялық кезеңдегі функциональдық маңыздылығының бағасын анықтау қажет. Әрбір жүз жыл сайын негізгі қызметі бар орталық елді мекен маңынан онымен байланысты жаңа құрылыстар пайда болады.

      Мысалы, Шығыс Еуропада мемлекеттік шекараның қалыптасу кезеңінде, кейбір қалалар шекаралық аумақ қызметін атқарды. Сондықтан, егер археолог ортағасырларға жататын хронологиялық кезеңдегі нысанмен жұмыс жасаса, сол уақыттағы тарихи процестерге еніп және оның басқа ескерткіштер жүйесіндегі орның анықтауы қажет.

      3.3. Материалдарды есепке дайындау

      Ғылыми есеп – бұл археологиялық зерттеулер нәтижесінде дайындалатын аса маңызды құжат және зерттеліп отырған нысан жайлы ғылыми мәлімет беретін негізгі дерек. Сондықтан ғылыми есепті дайындауға байланысты барлық жұмыстар «Археологиялық бақылау және қазба жүргізуге арналған ереже» бойынша атқарылады.

      Ғылыми есепке арналған материалдардың дайындығын ескерткіштің сипатына, онда жүргізілетін жұмыс түріне және нысан жайлы бар мәліметке байланысты жұмыс жасайтын әртүрлі мамандар жүргізеді.

      Ескерткіш жайлы алғашқы мәліметтер құрамына:

       тарихи мәлімет, мұрағат және жарық көрген деректер бойынша дайындалады. Бұл жұмысты қазбаның жетекшісінің бұйрығымен жалданған тарихшы немесе жетекшінің өзі атқарады.