жобалау-сметалы құжаттауына археологияның қосылуы техникалы-экономикалы сатысында нәтижелі болып табылады. Мұнда объектіні жоспарлы түрде және егжей-тегжейлі зерттелуіне кепілдік береді, сонымен бірге, іздеп-зерттеу және өңдеу жұмыстары кезінде түскен құралдарды толығымен түсуімен ерекшеленеді.
Бір сатылы жобалауда құрылыстың жобалы-сметасына барлық қажетті құжаттар 1-1,5 жыл ішінде дайындалады. Осы уақыт ішінде археологтар жергілікті жерге толық барлау жұмысын жүргізіп, (шурф) кесік жүргізеді, архивтік деректерді талдаудан өткізіп және картографиялық материалдар жинайды. Жұмыс жобасының археологиялық бөлімі былай баяндалған: археологиялық ескерткіштердің орналасуын көрсеткен объектінің жалпы схемасы; табылған ескерткіштер тізімі және қорғау бойынша шаралардың қажеттілерінің негіздемесі; әр ескерткіштегі жұмыстың бағасының (қүныньщ) есептелуі. Жұмыс жоспары құрамындағы графикалық құжаттау өте анық, нақты болуы, максимальді ақпаратты, ұсынылған сызба мен топографиялық жоспарға сәйкес және орнатылған талаптарға сәйкес дәрежеде орындалуы қажет.
Екі сатылы жобалауда жобалы-сметалы құжаттау мынадай үлгіде болады: 1) жоба; 2) жұмыс құжаттамасы;
Жұмыс құжаттамасы жасалып, жоба мақұлданып, бекітілгеннен кейін тапсырыс берушінің жобалы ұйымына келісім шартқа сәйкес белгілі бір уақыт аралығында жобалы іздестіру-зерттеу жұмыстарын орындау негізінде беріледі. Екі сатылы жобалау ережеге сәйкес бірнеше жыл және археологиялық іздестіру-зерттеу жұмыстарын толық жүргізу арқылы іске асырылады.
Жобаның бірнеше сатысындағы археологиялық міндеттер беретін нәтижені, бір сатылы жобалаудағы жұмыс жобасының археологиялық бөлімі де қайталайды. Жұмыс құжаттамасының археологиялық бөлімінің екінші тарауын жасауда – зерттеудің егжей-тегжейлілігі, табылған ескерткіштердің әрқайсысына жеке сипаттама беруі, олардың топографиялық жоспарларын, болжаулы қорғау мерекелерін ұйымдастыруы, шығын сметасы қарастырылады.
Бір реттік жобалау кішігірім объектілерді құруда қолданылады. Іздестіру-зерттеу жұмыстарына қысқа уақыт беріліп, археологтан шапшаңдықты талап етеді. Жергілікті жердің кіші ауданын көзбен шолу арқылы қарап, жер бетіндегі материалдарды жинап және шағын шурф салу арқылы зерттеу. Жобаның археологиялық бөлімі мынадайдан бөлімдерден тұрады: археологиялық ескерткіштерді қорғау шараларымен бірге сипаттау, құрылыс аймағындағы олардың орналасуының сызбасы, шығын сметасы.
Құрылыс объектісінің шағын аудандарында әрдайым археологиялық ескерткішті табу мүмкіндігі бола бермейді. Мұндай жағдайда тапсырыс берушіге жүргізілген іздестіру-зерттеу жұмысының мазмұндамасы негізінде қысқаша хат ұсынылады, сонымен бірге, олардың нәтижелері және құрылыс жұмыстарын қорғау шараларынсыз да орындай беруге мүмкіндік береді.
2.3. Археологиялық жоба құжаттарының ерекшеліктері
Жобалы-сметалы құжаттамасына қорғау шараларын өткізетін құқықты негіздейтін құжаттар кіреді