Әсемгүл Бекмухаметова

Тауарлар мен капиталдың халықаралық қозғалысы. Оқу құралы


Скачать книгу

сауда операцияларының ағымдағы есеп-шотының оң сальдосы (қалдығы) капитал қозғалысы есеп-шотының теріс сальдосына тең болған жағдайда ғана екі жақ теңгерімге жетеді; немесе импорттың активтік сальдосы капиталдың таза салымдарына (вливаниям) тең болған жағдайда мүмкін болады, басқаша айтқанда сыртқы сауда операциялары теріс сальдосы капитал қозғалысы есеп-шотының оң сальдосына тең болуы керек.

      Ішкі нарықтағы і пайыздық ставка әлемдік нарықтағы пайыздық ставкаға іz тең болғанда үш жақты тепе-теңдік қамтамасыз етіледі. Графикалық түрде оны 6-суретте көрсетілгендей IS, ІМ және ВР иректерінің Ү = Ү* және і = іz көрсеткіштеріне сәйкес келетін нүктеде қиысуы түрінде көрсетуге болады.

      Бұл жағдайда капиталдың толық мобилділігі жағдайы шартында ашық экономикада үш жақты тепе-теңдікті қамтамасыз ететін механизм жұмыс істейді. Бұл валюталық курстың ағымдағы мәнін коррекциялау есебінен болады.

      Валюталық курс тұрақты деген болжам жасайық та, сыртқы сауда қатынастарының ағымдағы шоты теңгерімі мен капитал шотының қозғалысы теңгерімінің анықтаушы факторларына (детерминанттарға) көңіл бөлейік.

      Сауда теңгерімі (Е – Z) айырбас валюталық курсқа және жалпы ішкі өнім деңгейіне, соның ішінде ЖІӨ өскен кезде, көтерілу тенденциясына бейім болады да сауда балансы (теңгерімі) нашарлайды.

      6-сурет. Капитал мобилділігі жағдайындағы ашық экономикадағы тепе-теңдік.

      Халықаралық капитал ағымына келсек, оның үдемелілігіне көптеген факторлар әсер етеді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы кіріс (доход) болып табылады, оны түрлі елдер өз активтеріне қосылған табыс деп есептейді және де ол көп жағдайда пайыздық ставканың көлемімен анықталады. Сондықтан да ұлттық және әлемдік пайыздық ставка арасындағы айырма капиталдың құйылуы мен кетуін анықтайтын аса маңызды факторлардың бірі болып табылады.

      IS ирегі LM ирегін соңғысының ВР ирегімен қиысу нүктесінен жоғары қиып өтеді деп елестетейік. Бұл игіліктер мен ақша нарығындағы бірлескен тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыздың ішкі ставкасы әлемдіктен асып түседі дегенді білдіреді. Бұл жағдайда ішкі активтердің әлемдікпен салыстырғанда жоғары кірістілігіне байланысты экономикаға шетел капиталының құйылуы басталады.

      Құнды қағаздар арзанырақ бола бастағандықтан, шетел инвесторлары оны сатып ала бастайды. Осы кезде аталмыш елдің резиденттері шетел активтерін сатып алудан өздерін тоқтата тұрады және де шетелден төменірек пайыздық ставкалар бойынша шетелден алып пайдалануды мақсатқа лайық деп табады. Мұның салдарынан елге капитал құю ағыны өседі және оның шетелге кетуі қысқарады. Нәтижесінде аталмыш елдің төлем теңгерімінің капитал қозғалысының шоты жақсарады.

      Шетел капиталының құйылу ағынының өсуі отандық валютаға деген сұраныстың өсуін қозғайды, оның нәтижесінде валюталық курс көтеріле бастайды (үлттық валюталық курс қымбаттай бастайды). Ұлттық валюта курсының көтерілуі таза экспорттың