курсқа бақылауды, екеудің біреуін жүзеге асыру керек дилеммасы тұрады. Ақша-кредиттік саясаттың мақсаты ретінде бекітілген валюталық курсты таңдап алса Орталық банкі ақша массасына бақылаудан толықтай айрылады.
Валюталық курстың өсуі (ұлттық валютаның қымбаттауы) LM ирегінің оңға, төмендеуі солға жылжуына алып келеді. Бұл ұлттық валютаның қымбаттауы жағдайында Орталық банктің валюталық резервтерінің көбеюімен, бұған сәйкес ақша базасының да өсуінің жүруімен, ал валюталық курстың төмендеуі жағдайында ақша базасының азаюымен түсіндіріледі.
Бұл тәуелділікті формалды (үстірт қарау) түрде айырбастауды сандық теңгеру мен сатып алушылық мүмкіндік паритетін теңгеру арқылы шығарып алуға болады. Айырбасқа сандық теңдеу жүргізуге сәйкес М = kҮР. Сатып алуға мүмкіншілігі бар паритет (СМП) концепциясынан алғанда, er = const жағдайында Р = ePz болып шығады. Онда ақша ұсынысының валюталық курсқа тәуелділігін келесі түрде көрсетуге болады:
М – номиналды ақша ұсынысы;
Ү – шынайы кіріс немесе ЖІӨ;
Р – ел ішіндегі баға деңгейі;
k – шынайы кассалық қалдық коэффициенті;
Pz – шетелдегі баға деңгейі;
е – валюталық курс.
Жүзбелі валюталық курс жағдайында ақша ұсынысы экзогендік көрсеткіш болып табылады, сондықтан да LM ирегінің түрі мен сипаты жабық экономика жағдайындағы сияқты факторлармен анықталады. Алайда бұл жағдайда валюталық курс ақша ұсынысының көлеміне тәуелді көрсеткішке айналады. Бұл тәуелділікті формалды тұрде е-ге қатысты теңдеуді шешіп корсетуге болады:
Тауар және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік шарттарын олардың өзара байланысы және өзара шарттастықтарын есепке ала отыра жекелей қарастырайық. Аталмыш нарықтардағы бір мезгілдегі тепе-теңдіктің шарттарын сипаттайтын модель (IS-LM моделі) 5-суретте көрсетілген.
5-сурет. IS-LM моделіндегі тепе-теңдік.
Экономикалық тепе-теңдіктің жалғыз ғана Е нүктесі тауарлық рынок шарттарын да қанағаттандыратын, сонымен бірге ақша рыногы шарттарын да қанағаттандыратын iЕ пайыз ставкасы мен ҮЕ кіріс деңгейін анықтайды. Басқаша айтқанда, Е нүктесінде экономикалық жүйенің шынайы шығындары жоспарланғанмен тең болады, ал шынайы ақша қаражатына деген сұраныс оған деген ұсынысқа тең болады.
5-суретте ұсынылған диаграмманың қандай да болмасын бір нүктесінде берілген шарттардың кем дегенде біреуі орындалмайды, сол себепті де нарық күштері экономиканы Е нүктесіне сәйкес келетін ортақ тепе-теңдікке итермелейді.
Мұның қалай жүретінін түсіну үшін, егер де экономикалық ахуал A нүктесімен сипатталатын болса, не болатынын қарастырып көрейік. А нүктесінде тауарлық рынок тепе-теңдік күйде (жиынтық сұраныс жиынтық ұсынысқа тең) тұрғанына қарамастан, пайыздық ставка тепе-теңдік күйден жоғары болып шығады, мұның нәтижесінде ақшаға деген сұраныс ұсынысқа қарағанда төмен болып шығады. Ал адамдарда