Коллектив авторов

Ағылшынша-қазақша заң терминдерінің сөздігі


Скачать книгу

2. құқықпен жасалған (заңға лайық); ~ person заңды тұлға; ~ presumption құқықтық.

      ARTIFICIALLY

      1. жасанды түрде; 2. заң және техникалық жағынан алғанда мінсіз.

      ASCEND

      1. шығу тегіне байланысты өту, берілу (мұрагерлік мүлік туралы);

      2. (таққа) отыру.

      ASCENDANT

      ата- баба.

      ASCENT

      шыққан тегіне қарай өтуі (мұрагерлік мүліктің).

      ASCERTAIN

      1. анықтау; белгілеу; айқындау; 2. (заттың, тауардың) кімге тиесілі екенін айқындау.

      ASCERTAINMENT

      1. анықтау; белгілеу; айқындау; 2. (заттың, тауардың) кімге тиесілі екенін айқындау; judicial ~ деректерді сот арқылы анықтау.

      ASEXUALIZATION

      залалсыздандыру.

      ASK

      сұрау; сұрастыру; өтіну.

      ASSAIL

      шабуылдау; ~ credibility of a witness мүмкіндікке шүбә келтіру/куәгерге сенуге болмайтынын дәлелдеу.

      ASSAILANT

      шабуыл жасаушы адам.

      ASSAILED

      (қылмыстық) шабуылдан зардап шеккен адам.

      ASSAILING

      шабуыл жасау.

      ASSASSIN

      (жалдамалы) кісі өлтіруші.

      ASSASSINATE

      кісі өлтіру; (саясат сылтауымен, жалданып) адам өлтіру.

      ASSASSINATION

      1. саяси өлтірушілік; 2. жалданып, ақшаға өлтіру; public ~ мемлекет қызметкерін өлтіру.

      ASSAULT

      1. шабуыл; 2. шабуыл жасау; 3. балағаттау және қоқан-лоқы көрсету; ~ and battery соққыға жығу; ~ attempted without weapon қарусыз шабуыл жасау қастандығы; ~ in concert топ болып шабуылдау; common ~ ауырлық түсірмей жай шабуыл.

      ASSAULTER

      ұрыс бастаушы, жанжал шығарушы; қылмыскер.

      ASSEMBLE

      1. шақыру; 2. жинау.

      ASSEMBLY

      1. жиналыс; ассамблея; 2. заң шығаратын жиналыс; (АҚШ-тың кейбір штаттарындағы) төменгі палата; deliberative ~ құқығы бар кеңесші органдар жиналысы; full ~ толық құрамды заң шығаратын жиналыс; judicial ~ төрешілер алқасы; legislative ~ заң шығаратын жиналыс, parliamentary ~ парламент; unlawful ~ заңсыз жиын; General ~ 1. Бас Ассамблея (БҰҰ); 2. АҚШ-тың кейбір штаттарындағы заң шығаратын орган.

      ASSENT

      1. келісім; 2. келісу; келісім білдіру; 3. рұқсат; мақұлдау, санкция;

      4. рұқсат беру; санкция беру, бекіту; ~ requisite келісімшарт жарамдылығының міндетті шарты ретінде тараптың келісімі; mutual ~ екіжақты келісім.

      ASSERT

      1. бекіту; 2. мәлімдеу, қорғау; 3. бір нәрсеге дәмелі болу; ~ innocence кінәсіз екенін мәлімдеу.

      ASSERTION

      1. пікір, пайымдау; 2. мәлімдеме, қорғау (құқықтарды); 3. дәмегөйлік, ниет, талап; forcible ~ of (private) right өз бетімен кетушілік, озбырлық; post-testamentary ~ өсиет қалдырылғаннан кейін мәлімденген дәмегөйлік.

      ASSESS

      1. (салықты, айыппұлды) белгілеу; 2. (айыппұл салу мақсатында мүлікті) бағалау; ~ compensation төлемақы мөлшерін анықтау; ~ damages ақшалай қайтарым сомасын анықтау; ~ in damages шығынды төлеу туралы үкім шығару.

      ASSESSMENT

      1. (құнын) белгілеу, баға; 2.салық салу; 3. амер. акция жарнасын төлеу туралы талап; 4. жалпы апатқа байланысты шығындарды бөлу; ~ for a tax салық салу сомасы; ~ of compensation төлемақы мөлшерін анықтау; local ~ жергілікті салық; tax ~ салық салымы.

      ASSESSOR

      1. салық қызметкері; 2. сот сарапшысы, кеңесшісі; 3. қосшы би, асессор; claim ~ мәлімденген талаптардың