онда түбі қақтығысқа әкеп соқтырары хақ” деген тұжырым бар [3, с.96]. Ал ғалым П.А.Цыганков өзінің халықаралық қатынастарға арналған еңбегінде: “Қақтығыстар мен ынтымақтастық халықаралық қатынастардың үрдіс ретінде қарастырылатын аса мәнді сипатына жатады, сонымен бірге, өн бойында осыған қатысушылардың өзара әрекеттерінің үздіксіз байланыс жақтарын білдіреді”, – деп көрсетеді [4, с.242]. Сол орайда мемлекетаралық бақталастық пен бәсеке осы шиеленістердің қайнар көзі болып табылатындығына еш күмән жоқ.
Француз-герман қайшылықтырының мәні еуропалықтарды ғана емес, бүкіл дүние жүзі халықтарын мазалаған мәселе еді. Әсіресе, бұл қайшылықтар осы екі мемлекеттің сыртқы саясатына тікелей әсер еткендігі дау туғызбайды. Еуропалық құрылықтағы саяси жағдайдың дамуына, яғни, соғыс және бейбітшілік мәселесін кең көлемде шешуде, Франция мен Германия маңызды рөл атқаратыны белгілі. Сол себепті де, бүгінгі күннің мәнін түсіну үшін, тіпті ертеңгі күнге көз жіберу үшін қандайда бір шиеленісті мәселенің шешілу тарихын білуге ұмтылудың өзі, халықаралық қатынастар жүйесі тарапынан алғанда қажеттілік болып табылады. Осы халықаралық қатынастар жүйесіндегі жалпы қағидадан француз-герман қатынасы да тыс қала алмайтыны айқын.
Мемлекетаралық қарым-қатынастар ежелден бері адамзаттың даму барысында, әрбір мемлекеттің өмірінде, әрбір қоғам өмірінде елеулі орын алып жатқаны белгілі. Тарихи заңдылыққа сай, әрбір мемлекет өзіне тән жолмен дамып, ілгері жылжуда. Осы жолда әрбір мемлекетке бірнеше себептер өзінің әсерін тигізіп жататындығы белгілі. Солардың ішіндегі маңыздыларының бірі – ол мемлекеттердің жағрапиялық тұрғыдан орналасуы.
Француз-герман өзара қарым-қатынасының өткен тарихына сараптамалық талдау жасау барысында, ең алдымен осы екі мемлекеттің жағрапиялық-саяси жағдайына тоқтала кеткен дұрыс. Өйткені халықаралық қатынастар жүйесінде әр мемлекеттің жағрапиялық орналасуы, оның келешек мемлекетаралық қатынастарына, ішкі саясаты негізінде сыртқы саясатын қалыптастыруына тікелелей ықпал жасайтындығы сөзсіз. Осының барлығы жиналып келіп, сол мелекеттің халықаралық қатынастар жүйесіндегі келешек көздейтін мүддесін қалыптастырады.
Жалпы алғанда, геосаясат тек жағрапиялық өлшемдер мен саяси құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Егер біз француз-герман қарым-қатынастарын сараптау барысында тек геосаясат негізінде осы елдердің жағрапиялық орналасуы мен олардың саясаттарының үйлесуіне ғана бағыттайтын болсақ, онда ойымыз кеңістіктік себептерден шыға алмай, екі ел ішіндегі, өзара қарым-қатынас жүйесіндегі көптеген өзгерістер мен құбылыстар ескерусіз қалатыны сөзсіз. Сондықтан да, “Жаңа геосаясат – бұл шектеулі уақыт пен кеңістікте, салалы бағыты бар, нақтылы құнды байымдау тұрғысынан саяси, экономикалық, идеологиялық және жағрапиялық шарттар арасындағы өзара әрекеттің ерекше түрі“, – деген қағиданың негізінде сарапталғаны тиімді [5, с.37].
Әлеуметтік құрылымның ең маңызды бөлшектерінің