эпик. туындылар, Қорқыт, Асан Қайғы, Шернияз ақын жөнінде маңызды деректер кездеседі. «Алаш» ұлттық-демокр. қозғалысы, саяси-қуғын сүргін құрбандары, осы өлкедегі зиялы қауым өкілдері (дихан Ш.Берсиев, композитор Ғ.Жұбанова, ғарышкер В.И.Пацаев т.б.) жөнінде құжаттар жинақталған. Облыстық музейдің ең басты көрсеткіші мен мақтанышы, оның экспонаттары. Олар – минералогия, палеонтология, ботаника, археология, тұрмыс пен этнография, қолөнері мен зергерлік бұйымдар, нумизматика, сирек кітаптар, деректі құжаттар, фотоматериалдар коллекциялары. Музей көрмелері – ағаш үй, қазақтардың этнографиялық, тұрмыстық бұйымдары, қолөнер мұралары Москвада, Орынборда, Орскіде өткізілген.
АЛДЫН-АЛА ЕСЕПКЕ АЛУ ТIЗIМI – тарих және мәдениет ескерткiштерi мәртебесiн беру мақсатында анықталған тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң тiзiмi.
АЛЕКСАНДР СЕРГЕЕВИЧ ПУШКИН АТЫНДАҒЫ КӨРКЕМСУРЕТ МУЗЕЙІ – Мәскеу қаласындағы әлемдегі ірі өнер музейлерінің бірі. Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі өнер тарихын насихаттайды. Музей алғаш рет 1912 жылы Москва университеті жанынан өнер кабинеті ретінде ашылған. Экспонат саны 500 000 астам бірлікті құрайды. Музейде Ежелгі Египет орта және жаңа патшалық дәуірінің мүсіндері, саркофактары, фаюм портреттері, антикалық керамикалар, пластикалар, мүсіндер экспозицияланған. Картина галереясында византия мозайкалары, икондар, полотнолардың озық үлгілері, қайта өркендеу дәуірінің өнері, 17-18 ғ. – лардағы өнер туындылары қойылған. Графика қорында 400 000-нан аса жұмыс сақталған, олардың қатарында Альбрехт Дюрер, Питер Пауль Рубенс, Рембрандт, Пьер-Огюст Ренуар, Анри Матисс, Пабло Пикассо, Карл Брюллов, Александр Иванов, Владимир, Фаворский, Кацусик Хокусай жұмыстары бар.
Әдеб.: Музейное дело России/ Акад. переподгот. работников искусства, культуры и туризма, Рос. ин-т культурологии МК РФ; под общ. ред. М. Е. Каулен, И. М. Коссовой, А. А. Сундиевой. 3-е изд., испр. и доп. М.: ВК, 2010.
АМАНГЕЛДІ МУЗЕЙІ – 1916 жылғы Торғай даласындағы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі Амангелді Имановтың тұтынған бұйымдары мен ол туралы құжаттар жинақталған ғылыми-ағарту мекемесі. 1969 ж. Қостанай обл. Амангелді ауд., Амангелді а-нда ашылған. 1979 ж. музейдің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Онда 5 көрме залы, қор қоймасы, кино залы жұмыс істейді. Музей қорында Амангелді мен оның үзеңгілес серіктеріне қатысты 2 мыңнан астам материалдық деректер, қрсапар жинақталған. Сондай-ақ музейде ауданның экон. – мәдени даму жолын көрсететін, аудан топырағынан шыкқан еңбек және соғыс ардагерлерінің, көрнекті мәдениет қайраткерлерінің өмірімен және еңбектерімен таныстыратын жәдігерлер бар. 1964 ж. А. Имановтың туған ауылы Үрпекте жергілікті ұстаз З. Мұхамеджановтың ұйымдастыруымен ашылған шағын музей Амангелді музейіның бөлімшесіне айналды. Көтерілісшілердің алғаш бас қосып, Амангелді қолбасшы, Әбдіғапар хан сайланған Мұсамеджанның қызыл үйі, мүсінші К. Наурызбаев сомдаған батыр мүсіні тұтас бір экспозициялық кешенді құрайды.
АМБРОЗИАН ПИНАКОТЕКАСЫ