мәдени өміріне арналған бөлімдерде атақты күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлы, оның ұстаздары мен шәкірттері жөнінде материалдар, халық қол өнерінің туындылары, күмістен жасалған зергерлік әшекей бұйымдар қойылған. «Қазақстан – 2050», «Атырау – 2050» деп аталатын тұрақты көрмелер «Қазақстанкаспийшельф», «Ембімұнайгеофизика» сияқты мұнай өндіретін мекемелер жөнінде материалдар Атырау өңірінің бүгінгі жағдайымен таныстырады.
АУДИОГИД – музей экспозициясы, көрме және қоршаған өлкемен жеке танысуға арналған фонограммалық құрылғы, яғни экскурсоводсыз саяхат жүргізуші немесе электронды жолсерік, музейлер мен көрме залдарында экскурсия жүргізудің жаңа түрі. А. жүйелерінің құрылғысы ақпараттардың өшірілмеу қаупін қадағалайтын қорғаныш функцияларынан тұрады. Антивандальды корпус құлаған сәтте соғылмайды, корпустың ішкі құрылысы механикалық жарақаттардан сақтауға беім етіп жасалынған. А. 12 сағат бойы үзіліссіз жұмыс жасайды. Жұмыс тоқтаған жағдайда оны тоқ көзіне қосу қажет. Түрлі функцияларды ажырата білу үшін аудиогид түрлі-түсті индикаторларға боялған және олар түрлі режимдегі жұмыстарды атқарады: қосу, тоқтату, қайта айналдыру. Бұл жүйе келесі комплектілерден тұрады: аудиогид, құлаққа тағатын құрылғы, тоқ көзі, аудиофайлдарды жазып алатын құрылғы; музей залдарына жолсілтегіш жоба-сызба. Негізінен аудиогид бірнеше аудио фрагменттерден тұрады. Фрагменттер номірленеді және сызбаға орналастырылады. Егер А. фрагметтер жайлы толық мәлімет берсе, онда оны аудиоэкскурсия деп атайды. Шетелде А. – тер кең таралған. А. музейлер және жеке өнертапқыштар жасайды. Ресейде А. енгізуден Мемлекеттік Эрмитаж музейі, Третьяков галереясы, А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көркемөнер музейі озық тәжірибе қалыптастырған. Музейлерде аудиогидтер арнайы қызмет ететін, цифрлі аудио құрылғы болып саналады. Қазіргі кезде жаңа шығарылымдағы аудиогидтер көптеп пайдаланылады. Ол компьютерлік бағдарламалар кешеніне негізделіп, тек есту ғана емес мәтін мен суретті көрсетеді. Сонымен қоса GPS және RFID технологиялары қондырылған аудиогидтердің болашағы зор, олар экспонаттың орналасқан жері және нысанды тез анықтайтын құрылғы болып саналады, аудиогид жолсерік қызметін атқарумен қатар, арнайы магнитті сезгіш белгілер арқылы экспозицияны қабылдайды да, келуші қай экспозицияда тұрса, сол тақырыпта экскурсия жүргізеді. Қазіргі таңда Лувр дәстүрлі аудиогидтердің орнына Nintendo және Air компанияларының 3DS портативті консолиін қолданысқа енгізген. Луврға келуші туристердің 70 % алғаш келушілер болғандықтан, олар Лувр залдары мен өтпелі дәліздерінде адасады, бұл қондырғы магнитті сезгіштер арқылы келушінің тұрған жерін анықтайды. Консолиге 700-ден астам әңгіме енгізілген, бұл келушілерге мәдени-тарихи құндылықты жайында жан-жақты ақпарат берумен қатар, оны әр қырынан, экспозициядағы түпнұсқасынан бөлек виртуалды және гарафикалық жаңғыртпаларын ұсына алады. Мысалы, Ника Самофракийская мүсінінің бастапқы қалпын, табылған орнын т.б. ғылыми-танымдық ақпарат береді. Бұл заманауи