ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту ісіндегі ірі көркемсурет музейі болып табылады. Музейде Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қорлар, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі сынды 9 ғылыми орталық жұмыс атқарады. Қазіргі таңдағы музейдің қоры өзінің көркемдік деңгейінің жоғарылығымен көптеген әлемдік жинақтардан еш қалыспайды.
Қазақстанның, Ресейдің, Еуропаның, Американың, Шығыс елдері халықтарының қолданбалы өнерінің баға жетпес жұмыстары музейдің негізі қорындағы туындылар болып табылады. Камбиазо, Саверея, Дюге, Остаде, Коро, Добиньи, Гудона, Куазево сияқты атақты қылқалам шеберлерінің туындылары сақталған. Музей қоры 24000- бірліктен астам. Ә.Қастеев атындағы МӨМ әлемдік мәдени мұраларды сақтау, оларды зерттеу және танытуда маңызды іс шараларды орындайды. Музейдің тұрақты экспозициясы әрбір халықтың мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін экспонаттар арқылы әлемдік өнердің негізгі даму сатыларын байқауға болатын тарихи хронология тәртібіне негізделген. Музейде зерттеу және білім беру ісі белсенді түрде жүргізіліп қана қоймай, сондай-ақ жыл сайын халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар өткізу үрдіске айналған. Музейде өткізілетін қазақстандық, шетелдік суретшілердің көрмелері өнер сүйер қауымның, Алматы қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырады. Музей өз тарапынан жинақтау, сақтау, көрме ұйымдастыру жұмыстарымен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге музей қорын насихаттау және көркемсурет мәдениеті жайлы тұрғындарды кеңінен таныстыру мақсатында ағартушылық жұмыстарын, музей педагогикасын жүргізуді өз алдына мақсат етіп қойған. Музей түрлі жастағы және әлеуметтік топтағы келушілерді белсенді түрде тарту, музей қорының аса жоғары дәрежедегі көркемдік деңгейін көрсету мақсатында тақырыптық және шолу экскурсияларын жүргізу; аса бай иллюстриативтік материалдарды пайдалана отырып лекциялар өткізу жұмыстарын жүргізеді. Музей жанында Кіші өнер академиясы жұмыс істейді. Бейнелеу, сәндік-қолданбалы өнер тарихына арналған дәрістер 4-5 айға ойластырылған. Қазіргі таңда «Виртуалдық 3D галерея» инновациялық жобасы бойынша алғашқы туынды музей сайтында орналастырылған. Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.bmtv.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс. Виртуалдық 3D галереясы музей экспонаттарының көпшілігі қорда сақтаулы болғандықтан, келушілерге музейдің бірегей туындыларын көруге, барлық бөлмелерін аралап шығуға мүмкіндік береді.
ӘУЕЗОВ ҮЙІ, ғылыми-мәдени орталығы – ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығарм. мұрасын көпшілікке таныстыру, насихаттау, зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғыл. – мәдени мекеме. Алматы қ-нда жазушының өзі тұрған (1951 – 61) үйде (Төлебаев көшесі, 135-үй) орналасқан. Бұл үйді музейге айналдыру туралы Қазақстан үкіметінің қаулысы 1961 ж. 10 тамызда қабылданды. Жазушының әдеби мұрасы, өзі көзі тірісінде тұтынған заттары, үй жиһаздары, қолжазбалары