Тәттігүл Картаева

Музейлік электронды сөздік


Скачать книгу

салынады), темпера, желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер. К-нің керамикалық бояумен (тез балқитын әйнек-сырды күйдіріп жапсыратын), силикаттық бояумен (еритін әйнек) салынатын, т.б. түрлері бар. Мозаика мен витраж да К-мен ұштасып жатады. К. туындыларын жасауда акварель, гуашь, пастель, тушь та молынан қолданылады. Кескіндемелік шығармалар ұзыншалай жатығынан бейнелеу, көлем-кеңістігін келтіре бейнелеу болып шартты түрде екі топқа бөлінеді. К. шығармалары негізге (кенепке, ағашқа, қағазға, мұқабаға, тасқа, шыныға, әйнекке, металға, т.б. заттарға) салынады. Әдетте олардың беттері жақпа қабатпен сыланып, оның үстіне сырлы қабат түсіріледі. К-нің баурау, еліктіру мүмкіншілігі жұмсалатын бояуға, оны қолдану тәсілдеріне, пайдаланған құралына (қыл қалам, мастихин), бояу еріткіштеріне, сурет салынатын заттың беті қаншалық бұдырлы немесе тегістігіне, оның бояуды қаншалық сіңіретіндігіне, т.б. байланысты. Қатты заттың бетіне салынған сурет пен жұмсақ заттың, жылтыр немесе бұдырлы заттың бетіне салынған суреттер өздеріне лайықты бояу реңдерін тілейді. Суреттің салыну стиліне қарай, оны қоятын жақтаудың түрі мен формасы да сәйкестендіріледі. Картиналар, көбіне, төртбұрышты болады, ал кейде дөңгелек пішінге де келтіріледі.

      К-нің ежелгі үлгілері палеолит дәуіріне (б.з.б. 40 – 8-мыңжылдық) саяды (мыс., Оңт. Франциядағы Фон-де-Гэм, Солт. Испаниядағы Альтамир үңгірлерінде жартастың бетіне салынған суреттер). Ежелгі дәуір К-сінде жерден шығатын сары, қызыл, қошқыл бояулармен қатар минералдық көк, жасыл бояулар да қолданылған. Ежелгі Шығыс елдері мен Америкада күрделі К. өнері (құлпытастарды, үйлерді өрнектеу) өркендеді. Көне дүние К-сі архитектура мен мүсінді өзара үндестіре қолданды. Бояу реңдері барған сайын ажарланып, мифол. сюжеттермен қатар тұрмыс-салт тақырыптары, тарихи оқиғалар, табиғат көркі бейнеленді, портрет, натюрморттар жасалды. Ғибадатханаларды, үйлерді, қабырғаларды, ұстындарды әшекейлеуге қолданылған монументті-сәндік К. (Помпей, Геркуланум, Пестум, Қазанлық қ-ларында, Қара т-дің солт. жағалауында сақталған) архит. кеңістігі мен формасы жағынан бірте-бірте өзгеріп отырған. Ежелгі дәуір фрескаларының беті жылтыр (мәрмәр ұнтағын араластырған) болып келеді. Ежелгі Грекияда қондырғылы К. (тақтаға кейде кенепке салынған) пайда болды.

      Орта ғасырлардағы Бат. Еуропа, Византия, Русь, Кавказ, Балқан К-сінде рухани, асқақтыққа құрылған діни тақуалық тақырыптар көбірек кездеседі. Бұл дәуірдің К-сі белгілі бір тақырыптың (діни тақырыптар) төңірегінде болғанымен, онда ұлттық діл мен нақты тұрмыс көріністері де бейнеленді (мыс., Русьте Феофан Гректің, Андрей Рублевтің иконалары мен фрескаларында). Ол кезде К-нің негізгі түрі фреска (құрғақ, кейде ылғал сылақтың бұдырлы бетіне салынатын К.) болды. Иконалар мен миниатюралар салуда бейнелеу, құрастыру, бояу, т.б. әдістердің қатаң тәртібі сақталған. Қол өнеріне тән мұқияттылықпен жасалған иконалар, қабырға бетіндегі оймыш-әшекейлер, мозайкалар мен витраждар шіркеу сәулетінің біртұтас ансамблін