қою бойынша (ғылыми, және т.б) кіреді.
К. кейбір ғалымдардың ойынша адамның негізгі рефлекстерінің бірі және адам қоғамының дамуының маңызды сипаты болып саналады. Қоршаған әлемді жүйелеу үдерісі ерте Шығыс, ерте Греция және Рим мемлекеттерінде айқындала бастады. Ал Ресейде 10-11 ғ. – ларда белгілі болды. Бұл ең алдымен шіркеулерде және монастырларда кітап және қолжазбаларды, сакральды және мемориалды ескерткіштерді түрлілігімен, қару-жарақтарды жинады. Ортағасырларда жинақтау қызметінің арқасында ұлы княздық және хандық қазыналарды қалыптастыру басталды. 16-17 ғ. – ларда өсімдіктердің К. – сын бақшаларда жинау өзінің бастауын алды. Жануарлар әлеміне деген қызығушылық жануарлардың және құстардың К. – сын жинауда да пайда болды.
К. – ның дамуы 18 ғ. – да Ресейде Еуропа мәдениетінің формасын меңгеруге бағыт алғанда басталды. Көптеген әмбебап және арнайы жеке және мемлекеттік К. – лардан (Петербург кунсткамерасы, Көркем академия музейі, Ғылым академиясының жиынтығы) ғылымның және мәдениеттің дамуындағы эстетикалық артықшылығы көрінеді. 18 ғ. – ларда К. – лау сәнді ойыннан, шындап кірісуге дейін жетіп, К. жинаушының ғылыми қызығушылығымен байланысты болды (Г.А. Демидов, Н.Б. Юсупов, Н.П. Румянцев). Мысалы, «Румянцев үйірмесі» сияқты, алғашқы К. жинаушылар ұйымы құрылды, ол К. жинауға қызығушыларды және кітап жинаушыларды біріктірді. 19 ғ. – дың басында К. – ның тақырыбы, әлеуметтік құрамы кеңейді: байлардан басқа бұл жолға саудагерлерде тартылды. 19 ғ. – да К. елдің мәдениеттік өмірінің белгілі факторы болды, көптеген К. – лар музейлердің негізін қалады. Университеттерде, гимназияларда К. жинау ісі оқыту, білім беру мақсатында қолданылды. К. жинау ғылыми бағыттағы музейлермен байланысты болды, бұл бағыттағы музейлер өз қорын толтыру мақсатында белсенді жұмыс атқарды. Мұнда, К. – лардың ғылыми объектілері жүйелі түрде жасалынды.
20 ғ. – ларда К. жинау белсенді түрде дамыды, оның түрі мен тематикасы кеңейді. Музей К. – ларының жаңа обектілерінің ішінде – артефактардың материалдық емес қорын қалыптастыру жасалынды. Жеке К. – ларды демократиялық және элитарлық бағыттар деп бөлді. Демократиялық К. – ға филателия, филократия, филумения жатады. Ең танымалысы кітап коллекциясы болып табылды. К. жинау талаптарын өнер, ғылым және мәдениет базалары қанағаттандырды, оның құрылымына аукциондар, салондар, антикварлы сауда қатарлары, арнайы баспалар кірді.
Археологиялық коллекциялар – археология құралдарын жүйелі жинау болып табылады. Археологиялық К. музейлерде немесе тарихи бағыттағы музейлердің құрамдық бөлігін құрудың негізі болып табылды. Археологиялық К. – ларды қалыптастыру кездейсоқ кездескен табылымнан және арнайы археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табалған заттардан құралады. Археологиялық экспедициялар мен қазба жұмыстары арнайы рұқсатпен жүргізіледі. Музей ісінде археологиялық К. – ларды тек музей және жеке жинаушылардың құрамында ғана емес, қозғалмайтын археологиялық объектілердің және комплекстерді тарихи ландшафта