әдістері зерттелінеді. Гугунь Патша сарайы музейінде Консервация бөлімінің іс-тәжірибесі музей ісінде танымал. Гугуннің Консервация бөлімі 1969 жылы қаланған болатын, бұл бөлімнің тарих, өнертану, жер туралы ғылым, физика, химиялық технология, зоология, ботаника, биохимия және информатика деген салаларға бөлінуі музейдің музей заттарының консервациясына ерекше назар аударатындығын көрсетеді.
Керамикалық, нефриттен жасалған бұйымдар және металдардан жасалған бұйымдарға қарағанда матадан жасалған бұйымдардың бұзылу қатерлігі жоғары болып саналады. Егер өнер туындысы бұзылып жатса онда оны алғашқы кейпіне келтіру қиынға соғады. Ғасырлар мен уақытты өткере отырып, барлық өнер туындылары ескіріп отырады, оған себепші адам немесе табиғат болуы мүмкін. Егер олар қауіпсіз атмосферада сақталмаса, бұзылу қаупі одан сайын артады. Бұйым адам сияқты, тек дұрыс сақталған жағдайда ғана оның ескіру процесі баяуланады. Алдын ала консервациялау идеясының негізі емнен қарағанда профилактика жүргізу тиімдірек. Климаттық факторларды бақылау арқасында ұзақ сақтау мерзіміне зиян келтіретін шығынды болдырмауға жол береді. Мысалы, ауа райының құрғақтығы жоғары, ыстық субтропикалық аймақта жәндіктер мен бактериялар көбейіп тез таралады. Осындай аймақта орналасқан музейлер заттарын алдын ала сақтандыру шараларын үнемі бақылауда ұстайды. Музей заттарын алдын ала сақтау жұмысының негізгі мәселесі музей ішіндегі шыбын шіркей және химиялық эксперементермен алмастыру, сондай-ақ формокологиялық емес төмен температуралық және оттегі әдістерді қолдана отырып музей жәдігерлерін сақтау болып табылады.
Өнер туындысын сақтауда қауіп тудыратын ол – жер сілкінісі, сонымен қатар көліктердің көптігі мен халық санының көптігі де қоршаған ортаның ластануына әкеледі. Музей ғимаратының көлік көп жүретін аймақта орналасуы не болмаса ғимарат маңына көліктің көп келуі галерея ішіндегі ауаны бұзады. Аталмыш факторларды еске ала отырып, музейлерде экологиялық жағдайды жақсарту шараларын ұйымдастыру керек. Бұндай мәселелерді шешуде келесідей іс-шаралар жасалады: температура мен ылғалдылықты бақылау; жарық түсуін бақылау; музейдегі ауаның ластануын бақылау.
Температура мен ылғалдылықты бақылау коллекциялардың сақтау мерзімін ұзартуға және жәдігерлердің ескірмеуіне жол береді. Галереялар мен қорларды сақтау бөлмелерінде температура мен ылғалдылықты бақылайтын арнайы қондырғылар орнатылады.
Өнер туындысы тұрақты және уақытша көрме кезінде жарықтың әсерінде болады, сондықтан олардың түстері оңа бастайды. Жарық әсерінен туындайтын зиянды азайту үшін, көрмені ұйымдастыру алдында, жарық деңгейі мұқият өлшеніп, жәдігерлер қауіпсіз қашықтықта орнатылады.
Музей, галерея, қорларды сақтау бөлмелерінде және оларға қарасты территория аймақтарында ауа сапасы өлшенеді, өйткені диоксид қышқылы, формальдегид, нитроксид және суттегі иондарының концентрациясының деңгейі сақтау стандарттарына