М. Байгісиев

Халықаралық транспорт операциялары


Скачать книгу

және транспорттық шарттарда айқындалады. Олар:

      • транспоттық операцияның заты (жүк, жолаушы);

      • транспорт түрі (теңіз, құрлық, әуе);

      • транспорттың тауарлық сипаттамасы (жаппай, құйылмалы, газ тәріздес);

      • кезеңділігі (тікелей, белгілі уақыты бар тасымал, чартерлік тасымал);

      • шекарадан өту тәртібі (қайта жүктеу транзиттік жүктер);

      • транспорттың технологиялық жүйесі (пакетті, контейнерлі, буксирлі, өзен, теңіз);

      • байланыс түрі (тікелей, жүйелі, тасымал).

      Транспорттық операциялар әдетте келесідей жіктеледі: сыртқы сауда келісіміне дейінгі, жүзеге асып жатқан кездегі, келісім аяқталғаннан кейінгі операциялар. Шартты бекіту және оған қол қою мақсатымен келіссөздерді жүргізбес бұрын, транспорттық қызметтерге, тарифтерге, тауарларды тасымалдау шартына және фрахтілерге талдау жүргізу қажет, сондай-ақ транспорттық шығындарды есептеп алдын ала болжап алу керек. Келісімге қол қойып, оны жүзеге асыру барысында келесідей әрекеттерді жүзеге асырамыз: тауарларды тасымалдау қажеттілігін болжау, тасымалдау келісімін жасау, транспорттық құжаттарға сәйкес рәсімдеу, тауарды тасымалдауға дайындау, жүк тасымалдаушымен есеп жүргізу, шығындарды төлеп, санитарлық, ветеринарлық, шекаралық, кедендік, рәсімдерді дайындау керек.

      Сату-сатып алу келісімдерін атқарған соң, жүк қабылдаушы мен тасымалдаушы, сатушы мен сатып алушы арасындағы мәселелерді сараптап, қажетті шешімдерді табу қажет.

      Қоршаған орта қорғалуы үшін транспорттық қызмет көрсету кезінде тасымалданатын жүктің мүлтіксіз сақталуы, жеткізу жылдамдығы, тұрақтылығы, ырғақтылығы ұйымдастырылуы міндетті болып келеді. Транспорттық қызмет көрсету кезінде жүк иесіне қосымша жұмыс беріледі. Мысалы, қосымша табыс табу, жүкті сақтау, жөндеу жұмыстары, маркілеу, материалдарды дайындау және т.б. кейде делдалдық операциялардың жұмыстарын да атқаруға тура келеді.

      Транспорттық операцияларды жүзеге асыру орындарына мыналар жатады: сапарға шығу пункттері, жүктің жүріп өту жолы, шекаралық бекеттер, транспорттың бір түрінен екінші түріне ауысу бекеттері. Ал, бұларды жүзеге асырушы сатушы мен сатып алушы, өнім шығарушы, тауар қабылдаушы, тасымалдаушы, агралық транспорттық операция делдалдары болуы мүмкін. Транспорттық операциялар ел ішінде жүзеге асқаны сияқты ел сыртында да жүргізіледі.

      Ізденіс сұрақтары

      1. Халықаралық тасымалдар түсінігі және түрлері.

      2. Халықаралық экономикалық байланыстарға транспорттық щызмет көрсетудің қажеттілігі және маңызы.

      3. Сыртқы саудадағы транспорттық операциялар түрлері.

      4. ҚР-да халықаралық экономикалық байланыстарға транспорттық қызмет көрсетудің бүгінгі жағдайы мен болашағы.

      5. ҚР-да халықаралық транспорт операцияларын жүзеге асырушы мекемелер мен ұйымдар қызметіне шолу.

      ІІ-тарау

      ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

      Халықаралық