М. Байгісиев

Халықаралық транспорт операциялары


Скачать книгу

жүктерді халықаралық автомобиль көліктерімен тасу туралы Еуропа келісімімен реттеледі (ДОПОГ), ол 1961 және 1968 жылдары қабылданып, күшіне енген. Бұл келісімдерге көптеген елдер қатысушы болып табылады.

      Еуропа елдерінде халықаралық автомобиль қатынастары кедендік рәсімдерді жеңілдету мақсатымен 1959 жылы халықаралық жол тасымалы кітапшасын қолдану негізінде халықаралық жүк тасымалдау кедендік конвенциясы (ХЖТ) жасалды. 1975 жылы оның жаңа редакциясы басылып шықты.

      Халықаралық аралас қатынастар. Өткен ғасырдың 70-жылдары бірқатар халықаралық ұйымдарда тікелей аралас тасымалдау келісімшарттары туралы келісімнің жобасын өңдеу жұмыстары жүргізілді. Осының нәтижесінде 1980 жылы халықаралық аралас жүк тасымалдау туралы БҰҰ Конвенциясы қабылданды.

      2.2. «Инкотермс» тауарлар жеткізудің базистік шарттары

      Бұл мәселелерді зерделеуге кірісерде, оқырман сату және сатып алу шарты мазмұнына қанық болуы тиіс және бұл келісімшарт сатушы мен сатып алушы арасындағы қатынасты (сонымен бірге, жүк тасымалдау мәселелері бойынша да) реттейтінін де білуі тиіс, ең бастысы тасымалдаушымен қатынасты бекемдеу керек. Тасымалдаушылармен қатынас жеке құжаттар арқылы жүзеге асады. Оның мазмұны төменде қарастырылатын тасымалдау шарттары болып табылады.

      Әртүрлі елдердің сауда экономикалық бірлестігі ішкі экономикалық келісімдер арқылы сәйкестендіріледі. Олар: келісімдер, келісімшарттар, шарттар. Бұл жұмыстарды соңына дейін атқару кезінде әсіресе, халықаралық тауарларды сату, сатып алу шарттарында халықаралық қалыптасқан дәстүрлер едәуір рөл атқарады. Әсіресе, тауарды сату, сатып алу келісімшартында тауарларды тасымалдау әдістері мен оны анықтаушы ережелерге көп мән беріледі.

      Серіктестер ішкі сауда келісімін жасау кезінде тауарларды сатушыдан сатып алушыға дейін жеткізуге байланысты көптеген міндеттерді өзара шешіп алуы тиіс (тасымалдау, тауарды жүктеуге дайындық, тиеу түсіру жұмыстары, сақтандыру, кеден құжаттарын рәсімдеу т.б.). Осы міндеттердің әрқайсысы тауар бағасының 30-дан 50 %-на дейін құрайтын әртүрлі шығындар болуын болжайды. Сатушы міндеттенген тауар жеткізу бойынша шығындар тауар бағасына енеді. Тауарларды тасымалдау кезінде оның бұзылуы және жоғалуы тәуекелдер әсерін күшейте түседі.

      Сатушы және сатып алушының тауарды жеткізу бойынша міндеттерін және құқықтарын анықтау, сатушыдан сатып алушыға дейін тауарлардың бұзылуы немесе кездейсоқ апат тәуекеліне өту кезеңін мөлшерлеу үшін, жеткізудің базистік шарттары жасалады. Тараптардың келісімшарттарының базистік шарттарын таңдау біріншіден, тауар тасымалдау әдістері мен тасымалдау шарттарына байланысты. Бұл шарттардың Базисті деп аталуы олар тауар бағасының базисіне негіз қалайды және оның деңгейіне әсерін тигізеді.

      Халықаралық сауда палатасы (ХСП) 1936 жылы жеткізудің базистік шарттарын үйлестіру үшін «Сауда терминдерінің түсінігі бойынша Халықаралық ережелерді» жарыққа шығарды («Инкотермс»). Одан әрі