Гүлназым Супугалиева

Инвестициялау негіздері


Скачать книгу

несиелеу көздері

      Тәжірибе көрсеткендей инвестициялық жобаның қай сатысында болмасын мемлекет тарапынан көмек әрдайым қажет. Сондықтан қайтарылатын бюджеттен қаржыландыру әдісі бірқатар салықтық және несиелік сияқты жеңілдіктерді қамтиды.

      Ал қайтарылмайтын қаржыландыру әдісі бұл ол жобаның мемлекеттің қажеттілігіне байланысты бекітілген тізімге енген жағдайда жүзеге асады. Сонымен қатар, мұндай әдіспен бюджеттен бөлінетін ресурстар бүгінгі таңда қорғаныс, экология, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және басқа да әлеуметтік мақсаттарға бағытталуда.

      Қарыздық әдіс бұл банктерден және басқа да ұйымдардан алатын займдар, облигация шығару арқылы қаражат тарту, вексельді пайдалану негізінде іске асырылады.

      Банктік несиелеу бұл ең көп қолданылатын инвестицияны несиелеу көзіне жатады.

      Банктік несиелеудің объектісіне мыналар жатады:

      – өндірістік және өндірістік емес объектілерді құру, қайта құру және кеңейту;

      – жылжитын және жылжымайтын мүлік сатып алу;

      – шетелдік инвесторлардың қатысуымен жаңа кәсіпорындар құру;

      – ғылыми-техникалық өнімдерге, интеллектуалдық және басқа да құндылықтарға жұмсалымдар.

      Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорынның меншікті қаражаты есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның қызметі барысында қалыптасатын ақшалай қаражаттар ағыны есебінен жүзеге асырылады.

      Тікелей инвестиция тарту есебінен инвестицияны қаржыландыру жарғылық капиталға қаражат қосу, акцияларды немесе қарызды сатып алу жолымен жүзеге асады.

«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның инвестициялық жобалары бойынша талдау

      Бұл параграфта біз американдық мемлекеттік бағалы қағаздардың мысалы негізінде позиция ашу немесе жабу туралы шешім қабылдау процесін қарастырамыз. Біздің параграф банктің ағымдағы позициясын сипаттаумен басталады. Кейінірек шешім қабылдауға едәуір әсер етуі мүмкін негізгі мәліметтердің ағымдағы жағдайы және де шешім қабылдау процесінің басқа да кезеңдері қарастырылатын болады.

      Біздің шешім қабылдау процесіміз келесідей 6 кезеңді қамтиды:

      1. Банктің позициясына сүйене отырып, бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу туралы шешім қабылдау қажеттілігін анықтау;

      2. Шешім қабылдау кезінде ескерілуі тиіс негізгі мәліметтерді талдау;

      3. Шешім қабылдау картасының барлық құрамдас бөліктеріне үлестік коэффициенттер бере отырып, аталған картаны толтыру;

      4. Шешім қабылдау. Мәміле жасасу;

      5. Мәмілені жабудың параметрлерін анықтау;

      6. Нәтижені бақылау.

      Ағымдағы жағдай бойынша банктің позициясы – «нөлдік». Енді бізге бағалы қағаз сату немесе сатып алу туралы шешім қабылдау керек. Біз американдық мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша шешім қабылдау мысалын қарастырып жатқандықтан, төменде Америка Құрама Штаттары Қазынашылығының 30 жылдық бондтарының негізгі параметрлері келтіріледі:

      – Шығарылған мерзімі: 15.02.2001 ж.;

      – Өтелу мерзімі: 15.02.2031 ж.;

      – Купондық сыйақы ставкасы: 5,375 %;

      – Бекітілген купон жылына екі рет төленеді: