Гүлназым Супугалиева

Инвестициялау негіздері


Скачать книгу

және олардың өзгеруін есепке ала отырып, қол жеткізетін нәтижеге баға беру;

      2) жоба бойынша жұмыстың қажетті ресурстар көлемін және олардың әр түрлі нұсқаларын салыстыру;

      3) жоба бойынша түскен табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасындағы бөлу.

      Жобаның және оған жұмсалатын шығындардың экономикалық тиімділігін анықтау инвестициялық жобаның барлық кезеңдері мен бағыттарын талдау нәтижелерінен көрінеді, яғни жобаны талдаудың келесідей бағыттары мен кезеңдері бар:

      1) мақсаттардың қалыптасуы және жобаны өңдеу яғни бұл кезде ТЭН (техника-экономикалық негіздеме) қарастырады;

      2) жобаны өңдеу, бұл кезде бизнес-жоспар құрылады; жобаны сараптау, зерттеулер жүргізеді;

      3) жобаны қабылдау;

      4) жобаны жүзеге асыру;

      5) кәсіпорынның іс-әрекетіне маниторинг жүргізу.

      2. Жобалық талдаудың келесідей түрлері бар:

      1) техникалық талдау – бұл инвестициялық талдауға қолданылатын ең тиімді техника мен технологияны анықтау және объектілерінің орнын таңдау мәселесін шешуді жүргізеді;

      2) коммерциялық талдау өнімді өткізумен байланысты болып табылады. Бұл талдаудың мақсаты жоба бойынша өнімдермен қызметтерді тұтынушы жағынан қарастырады. Коммерциялық талдау маркетингтік зерттеу жұмыстарымен байланысты болады;

      3) институционалды талдау – бұл жобаның мақсаты жобаны жүзеге асыру, іске қосу аумағындағы ұйымдық-құқықтық, саяси және әкімшілік жағдайларға баға беру болып табылады. Осы талдаудың негізгі міндеттері әрекет ететін заңнамаға сәйкес жобаның қатысушыларының міндетін анықтау;

      4) әлеуметтік талдау – мақсатты жоба жоспарының нұсқаларын оны пайдаланушылар үшін жарамдыларын анықтау болып табылады. Әлеуметтік талдау жүргізу нәтижесінде жоба мен оны пайдаланушылар арасындағы өзара әрекет ету мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады;

      5) экологиялық талдау – бұл қоршаған ортаның шеккен зияндарын бағалайды. Егер экологиялық зиян орын алатын болса, оны тоқтату үшін қандай шаралар қолдану қажеттігін қарастырады;

      6) экономиканың талдау міндеті – жобаның іске асуына байланысты шығындар мен нәтижелерді тікелей салыстыруға мүмкіндік беретін мерзімдерді жасау арқылы инвестициялық жобаның тиімділігі туралы нақты шешім қабылдау болып табылады. Экономикалық талдау іске асырылатын жобалардың кәсіпорынның даму мақсатына жұмсайтын және ең аз шығындарды жұмсай отырып, экономикалық тиімділікке қол жеткізуді қарастырады;

      7) қаржылық талдау. Бұл экономикалық талдаудың жалғасы болып табылады. Қаржылық ақыларды жинау және пайдалану тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.

      3. Жобалық талдаудың принциптері:

      1) инвестициялық жобаның ақша ағымдарын модельдеу;

      2) жобаның өмірлік цикл бойында қарастыру;

      3) уақыт факторын ескеру;

      4) инфляция әсерін ескеру;

      5) тәуекелдікті ескеру;

      6) кәсіпорынның қаржы жағындағы жобамен және жобасыз шарттармен салыстыру.

      Ақша ағымдарын модельдеу