жаңа құрылысқа капитал жұмсаумен байланысты инве стициялар.
Интеллектуалдық инвестициялар, интеллектуалдық және рухани өнімдерді жасауға жұмсалатын инвестициялар.
Бақыланатын инвестициялар, басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан астамын иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар.
Бақыланбайтын инвестициялар, басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар акцияларының елу пайыздан төмен бөлігін иеленуді қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар. Инвестицияның төмендегідей типтері болады:
1) Портфелъдік (қаржылық) инвестициялар, мемлекеттік, муниципальдық өзін-өзі басқару органдардың корпоративтік компаниялардың шығарған акцияларына, облигацияларына және басқа да бағалы қағаздарына жұмсаған ақша қаражаттары болып табылады.
Портфельдік инвестицияны жүзеге асыру барысында инвестор пайыз немесе дивиденд түрінде табыс алады және өтімді резервтерін қалыптастырады. Портфельдік инвестицияны уақытша бос ақша қаражаты бар банктер, инвестициялық компаниялар және фирмалар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында портфельдік инвестициялардың құрылымында корпоративтік бағалы қағаздарға қарағанда мемлекеттің бағалы қағаздарына жұмсалымдардың үлесі біршама жоғары. Оның себебін мемлекеттің бағалы қағаздарына салынған қаражаттың сенімділігін, яғни тәуекелге ұшырамайтынан көруге болады. Ал корпоративтік бағалы қағаздар қаншалықты табысы жоғары болса, соншалықты олардың тәуекелі де жоғары болып келеді.
2) Нақты капитал (капитал жасайтын) инвестициялар материалдық өндіріске материалдық-заттай қызмет түрлерін ұзақ мерзімді қаражат салу немесе басқаша айтқанда, жұмыс жасап отырған кәсіпорындарды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаруландыруға, жаңа кәсіпорындар салуға жұмсалған инвестициялар. Бұл жерде инвестор-кәсіпорын өзінің капиталын, соның ішінде негізгі өндірістік қорларын ұлғайту мақсатында жұмыс жасайды.
3) Материалдық емес активтерге салынган инвестициялар кәсіпорынға, жобаларға және қандай да бір істі бастауға қажет құқықтарға, лицензияларға, ноу-хау, мүлікке және басқа да ғылымитехникалық өнімдер нысанындағы ақшалай емес инвестициялар.
1.3. Инвестицияның қызметтері
Инвестиция экономикалық категория ретінде экономикада бірқатар қызмет атқарады. Инвестицияның қызметінсіз кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы мүмкін емес. Инвестицияның атқаратын қызметтерін екі деңгейде бөліп қарауға болады:
1. Макродеңгейде атқаратын қызметтері, оған мыналар жатады:
• ұлғаймалы ұдайы өндіріс саясатын жүзеге асыру;
• ғылыми-техникалық прогресті жеделдету;
• отандық өнімдердің сапасын жақсартып, олардың бәсекелестік қабілетін арттыру;
• экономиканың барлық салаларының бірдей дамуын қамтамасыз ету;
• әлеуметтік аяны, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, білім саласын дамыту;
• жұмыссыздық мәселесін шешу;
• инфляция