кәсіби журналдар, жылдық есептер жатады. Бәсекелестер туралы жазбаша ақпараттың тағы бір түріне 10К есебі жатады. Бұл ерекше жылсайынғы есеп барлық ресми акционерлік компаниялардың құнды қағаздар және биржалар Коммиссиясының қатысуымен дайындалады. Барлық колледждер мен университетердің кітапханаларында бұл есеп бар. Жазбаша ақпарат табуға жеңіл болса да, оның, вербалды ақпараттың да сияқты, кемшіліктері бар – ол ескірген және толық емес болуы мүмкін.
Өндірістік шпионаж. Жақында әлемдегі электрондық бұйымдарды, компьютерлерді және олардың құрамдас бөліктерін өндіретін ең ірі жеткізуші – жапондық «Хитачи» және «Мицубиси» фирмаларының ресми өкілдері өкінішті жаңалықтан өздеріне орын таба алмады – олардың жоғары деңгейдегі он сегіз қызметкерлері «Ай Би Эм» фирмасының құпияларын ұрлағандары үшін қамауға алынды.
Қамауға алынғандарды құпия агентке «Ай Би Эм» компаниясының заманауи компьютерлік технологиясын және оның техникалық нұсқауларын сатып алу үшін 645 мың АҚШ долларын беріп жібергені үшін айыптады. Шпионаж – корпорациялар үшін жаңалық емес. Кейде олар бәсекелестің әрекеттері туралы ақпарат жинаудың әдісі ретінде қолданылып, нәтижесінде өз ұйымының мақсаттарын қайта құру үшін пайдаланады.
Жоспарлаудың сандық әдістері. Сандық әдістерді қызметтің бір түрі бұрында қазір жалғастыруға жататын белгілі бір тенденцияға ие болған жағдайда және статикалық дәл тенденцияларды және байланыстарды анықтауға жеткілікті ақпарат болғанда қолдануға болады. Одан басқа, басқарушы сандық үлгіні қалай қолдануды біліп, үлгіні құрумен байланысты шығындар шешім қабылдаудың тиімділігімен байланысты пайдадан аспау керектігін есте сақтау керек.
Болжамдаудың сандық әдістерінің ең таралған екі типі – уақытша қатарлар сараптамасы және каузальді (себеп салдардық) үлгілеу.
Уақытша қатарлар сараптамасы. Кейде трендтің шағылуы деп аталатын уақытша қатарлар сараптамасы бұрында орын алған жағдай болашақтағы жағдайды болжауға мүмкіндік берген жорамалдарға негізделеді. Бұл сараптама өткен шақтағы үлгілер мен тенденцияларды анықтап, оларды болашаққа әкелудің әдісі болып табылады. Сараптаманы өткізу үшін, өткен шақ жағдайларына сәйкес келетін координаталық жүйеге графикті түсіру енмесе кесте құру жеткілікті.
Сараптаманың бұл әдісін жыл кезеңдерімен сипатталатын сатудың құрылымын болжау, қордағы қажеттіліктерді бағалау, тауарлар мен қызметтерге сұранысты, кадрлік қажеттіліктерді зерттеу үшін қолданылады. Егер, мысалы үшін, «Бюргер Кинг» мейрамханасының директоры қазан айында қанша гамбургерге тапсырыс беру керектігін шешу қажет болса, оған өз шешімін өткен бес жылдың қазан айындағы сату цифрларымен негіздеу жеткілікті. Мәлімет сараптамасы, өткен жылдары Рахмет айту күні себебінен гамбургерге сұраныстың 10 %-ға түскендігін көрсетеді.
Каузальді (себеп салдарлық) үлгілеу. Каузальді үлгілеу бүгінгі күнде қолданылатын болжаудың сандық әдістерінің ең айлалы және математика ғылымы тұрғысынан ең