Мейрхан Мубаракович! Мы желаем Вам крепкого здоровья, оставаться таким, какой Вы есть, сохраняя свою индивидуальность. Мы горды тем, что Вы рядом, что Вы с нами, что Вы среди нас.
И еще об одном: будучи в Ленинграде, только он – Мейрхан Мубаракович – смог распознать из самых сокровенных самое ценное в необъятных богатствах Эрмитажа, выбрать себе в спутницы жизни милое очаровательное создание, обладающее беспредельным обаянием – Райхан Закиевну – единственную красавицу-ученицу директора Эрмитажа академика Бориса Борисовича Пиотровского. А может это было главным подарком судьбы, и он стал его волшебным талисманом на всю жизнь. Мы желаем семье Абдильдиных и впредь продолжать быть нашей гордостью, гор- достью нации.
Спасибо за внимание!
АҒАМЫЗДЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫНАН КЕЙБІР КӨРІНІСТЕР
Менің Жәкең туралы естеліктерім төрт жасымнан басталады. Екеуміздің арамыз бес жас. 1942-1943 жылдар. Тоғай ішінде, бір аралда, тұрамыз. Үйдің жанында Ертіс өзенінің айырығы ағады. Үй деп ауыз толтырып айтып отырғаным шымнан қаланған әшейін бір жер кепе үй. Жерде тұрып, бұл үйсымақтың төбесіне сәкісіз-ақ шығып кетуге болады. Әйнек орнына жарық түссін деп қалдырған бір үлкен тесік бар. Сондықтан бұл үйсымағымызды «Соқыр үй» деп атайтын. Әкемізді соғысқа алып кеткен. Есімде қалған жандардан білетінім тек Жәкең, Жәкеңнен екі жас кіші бала – Ерсайын және өзімнің әжем. Тек осылар. Шешемнің (анамның) қайда жүргені есімде жоқ. Не қырдағы астық бригадасында ма, не бізбен тұра ма, білмеймін.
Өміріміз дәл индеецтің балаларының өміріндей десе де болады. Жан-жағымыз ну орман, су, әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ, бір жағдай. Білетініміз күні бойы балық аулау, суға түсу, мойыл теру, қоянға тұзақ құру, тағы да басқа қызық тірліктер. Тамақ тапшы. Бір адамның шай іш, тамақ же дегені есімде жоқ. Өзімізбен өзіміз күн көреміз десе де болады. Әсіресе, ет деген нәрсені көрмейміз. Жәкең бертін келе айтатын, ала жаздай біздің колхозда, ақсақ өгіз сойылып, соның етін колхозшыларға бөліп берген екен. Біздің үйге екі килограмдай ет тисе керек. Бар болғаны осы.
Осындай қиын кезде біздің аман қалуымызда шіркін Жәкеңнің орны бөлек-ақ. Таң сәріден Жәкең балыққа барамын деп жинала бастайды. Оған серік болып Ерсайын да тұрады. Тіпті, мен де оя- намын. Себебі, олардан қалып қойсам, күні бойы аш боламын, бірге барсам – балыққа тоямын. Жәкеңдер қармақтарын ала сала тұра жүгіреді. Мен де өзімше соңдарынан еремін. Маған: «Маңқа, сен қал!» – деп ұрсады, бірақ мен де қалмаймын деп, зар еңіреп, соңдарынан ере беремін. Бір кезде, биік шөптердің арасына келгенде, тоқтап, адасып кетесің деп, соңдарынан ертіп алады.
Суға жете сала қармақ саламыз. Қармақтар Жәкең