Коллектив авторов

Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22


Скачать книгу

келді. Ауыл шаруашылығының кейбір мамандарын, соғыстың беті бері қараған соң, елдеріне қайтарған. Әкем мал дәрігері болатын. Әкеміз келгеннен соң өмір өзгере бастады. Сол жылы жазда біздің ауданның, Семей жаққа қараған жағындағы бір «Жаңа күш» деген колхозға мал дәрігері етіп жіберді. Біздің, бұрынғы «Қызыл еңбек» деген колхозымызға қарағанда, кішілеу, нашар колхоз екен. Бірақ жанынан Ертіс өзенінің өзі ағады. Бір шатағы осы ауылдың балалары, бөтен бала Жәкеңе, күш көрсеткілері келеді. Кейбір кезде үйдің төбесінен түсірмейді. Бір күні осы жағдайды әкем көріп, әлгі балаларды аттың бауырына алып қусын. Балалар шатақтарын қойып, кейін Жәкеңмен достасып кетті.

      Бұл «Жаңа күштегі» өміріміздің ең бір қызық сәттері асық ойнаумен байланысты. Асық ойнауға топ бала жиналады. Асықтан ұтқан бала біздер үшін дүниежүзінің бокстан чемпионы болғаннан кем емес. Ойын түстен басталып, кейде, түнде айдың жарығымен де созылады. Бір марафон. Әр уақытта, ұзақ ойыннан кейін, екі бала, бәйгенің жүйрігіндей, сытылып шығады: бірі біздің Жәкең, екіншісі – бір Асылхан деген бала. Екеуі бірін-бірі жеңе алмай, ойын әбден қызады. Бір бала, түн болса да, шешелері айғайлап ұрысса да, қазыр, қазыр барамын деп, шешелерін алдап, осы бір екі баланың сиқырлы ойындарын, жан-тәнімізді салып, қызыға-қызыға көріп тарамайды. Бір кезде «ух» деп дем аламыз, біреуі жеңеді. Көпшілігінде Жәкең ұтады. Шынымды айтсам, Жәкеңнің көпшілік жағдайда сақасы артық болушы еді. Әрине, талантты да ұмытпау керек, әсіресе, Жәкеңнің шыдамдылығын, алған беттен қайтпайтындығын айтпасқа болмайды. Бірақ осы жерде тағы бір нәрсе еске түспей қоймайды. Сөзсіз Жәкең жойқын мерген, асық ойнауды өнер дәрежесіне көтерген талантты бала. Жаман жері сараң еді. Бір үлкен бұзау терісінен жасалған дорба асығы болса да, тағы да бір темір қорап асығы болса да маған, жалғыз бауырына, бір жаман асығын бермеуші еді. Бұл шындық.

      1944 жылы мен бірінші класқа бардым. Жәкең, ұмытпасам, бесінші класта. Келесі жылы, алтыншы класта, алты бала оқуы керек еді. Бұлар бес қыз және Жәкең. Осы алтыншы класта, оқу басталғанда, бес қыздың оқи алмайтындықтары әбден анықталды, үлгерімі жақсы жалғыз Жәкең. Сондықтан бұл оқу жылында алтыншы класты жауып, бес қызды бесінші класқа, ал Жәкеңді секіртіп жетінші класқа ауыстырды. Ол кезде мұндай жағдайлар болатын. Сөйтіп Жәкең бір жылда екі класс бітіріп, кейін онжылдықты он алты жасында бітіруге мүмкіндік алды. Осындай, бала кезден, жолы да болғыш болатын.

      1945-1949 жылдар. Қызыл еңбек колхозы. Павлодар облысы, Май ауданының осы колхозында ағамыздың жастық өмірінің тағы да бір қызықты шақтары өтті.

      Ең бірінші жәйт мектеп туралы. Жәкең 1949 жылы, он алты жасында, осы колхоздың «Қазақстан» орта мектебін бітірді. Қателеспесем, осы жылы мектепті бітірген балалар тұңғыш рет мемлекеттік емтихандарды өз мектебінің қабырғасында тапсырған. Себебі: бұрын біздің мектептің оқушылары мемелекеттік емтихандарды Павлодарда, не болмаса Ертістің арғы жағындағы Қызыл қоғам деген колхоздың Қызыл-Әскер атындағы орта