Коллектив авторов

Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22


Скачать книгу

Қазақстан орта мектебінің 8 класын бітірдім. Жазда ауылға С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философия факультетінің 3 курс студенті ағам Жабайхан демалысқа келді. Келе сала ол менен: «Кім болғың келеді?», – деп сұрады. Мен оқуды жақсы оқушы едім, сондықтан, әжептеуір болып маңғазданып: «Мен ақын немесе тарихшы болғым келеді» – деп, өзімнің жазған кейбір өлеңдерімді көрсеттім. Бір мезгілде ойламаған жерден: «Ой, боқмұрын, сенің мына жазған өлеңдерің түкке тұрмайды. Ақын боламын, тарихшы боламын деу сандырақ. Біле білсең: ғылымның тұзы – физика, қалғандары – нөл», – деп, менің быт-шытымды шығарды. Әкем болса үлкен ұлын жақтап, «Мейірхан, бос сөзді қойып, физик болу керек» деп ағам екеуі шешім қабылдады. Бұл бұл ма, мені өзімнің үйреншікті мектебімнен айырып, мұғалімдері жақсы деп, Ертістің арғы жағындағы басқа аудандағы он жылдық мектепке жіберетін болды.

      Мен үшін бұл бір үлкен пәле болды. Себебі, мен оқу озаты болсам да, менің ең жек көретін қорқақтау соғатын сабақтарым осы физика мен математика болатын да, ал жақсы көретін сабақтарым әдебиет, тарих және география болатын. Амал не, ағамыздың жасаған зорлығына көнуге тура келді. Үйде Жабайханның беделі өте жоғары болатын. Бұған кейбір негіздер болушы еді: Бірінші – бұл жігіт, мен ес білгелі бастық болып жүретін: оқу комитетінің бастығы және т.б., ал мен жазғанды класс бастығы етіп те сайламайтын. Екінші – менің ағам асықты жақсы ойнайтын мерген еді. Ауыл балалары өте сыйлайтын. Үшінші – бұл жігіт біздің колхоздағы, аудандағы, тіпті облыстағы ең жүйрік деген аттарға мініп, бәйгелерге шауып еді. Осы жағдайларға ауылдағы балалар қызығатын. Не керек, осының бәрі менің ағамды ерекше қылып көрсететін. Керісінше, мен болсам балық аулағанды, ит асырағанды, карта ойнағанды, тіпті ауыл балаларының арасындағы көпшілік шатақтарға араласатын жан едім. Сөйтіп мен 1952 жылдың күзінде Павлодар облысының Лебяжі ауданындағы Қызыл әскер онжылдық мектебінің 9 класс оқушысы болып шыға келдім. Әкемнің қарындасы апам Балшекердің қолында тұрдым. Бұл үйде жиырма шақты жан тұратын. Оқу оқуға мүмкіншілік аз болатын еді. Сондықтан мен ауызша сабақтарды дайындау үшін кітаптарымды алып мал қораға баратынмын. Барлық сабақтарымды оқып, оны шөп жеп тұрған сиырларға дауыстап айтып беретінмін. Менің бұл әдісімнің баяғы кезде, көне ғасырларда Демосфеннің ашқанын мен ол кезде білмеуші едім. Физика мен математиканың есептерін түнде дайындайтынмын және шығармасам ұйықтамаймын деп, өзімді-өзім жігерлендіретінмін. Осының арқасында мен бірте-бірте класстың ең үздік оқушыларының бірі болдым. Шынымды толық айтсам, физика мен математикадағы жетістіктерімнің тағы да бір себепшісі бар еді: ол менің физика мен математика сабақтарының мұғалімі Нұрмағамбетов Зүпар. Бұл кісі өте дарынды, жаңалықшыл және өте қатты талап ететін мұғалім еді. Ағайдың басшылығымен «Евклидті емес геометрия» деген қабырға газетін шығаратынбыз. Қазір қарасам оқушылар да, мұғалімнің өзі де ол кезде евклидті емес геометрияны қайдан білсін, бірақ та балалар- ды осындай жоғары ұғымға итермелеу дұрыс