аналогияны пайдалануға болатынын көрсеттік. Эйнштейннің жалпы салыстырмалық теориясының негізгі күрделі мәселелерінің бірі: өз өсінен айналатын екі денеден тұратын жүйенің қозғалысы туралы есепті шештік. Бұл жолда белгілі асимптоталық жуықтау теориясын кеңінен пайдаландық. Гравимагнетизм гипотезасын кіргізіп, жалпы салыстырмалы теориясындағы Эйнштейннің белгілі теңдеуінің интерпретациясын өзгерттік «On Interpretation of the Einstein Equations in General Relativity» (Gravitation & Cosmology6 Vol.5 (1999), No.3 (19). Pp. 219-221).
160-тан астам ғылыми мақалалар және үш монография жаздым. «Эйнштейннің гравитациялық теориясының механикасы» деген алғаш монография (Ғылым баспасы, 1988) ЖСТ-дағы қозғалыстың күрделі мәселесіне арналған Қазақстандағы бірінші кітап.
Республикамыз үшін приоритетті «Теориялық физика» деген фундаменталды ғылыми-зерттеу бағытын ұйымдастырдық. «Гравитациялық, электромагниттік, күшті және әлсіз әсерлесулерді теориялық зерттеу» деген ғылыми бағдарламаға ғылыми жетекші болдым. Алынған ғылыми нәтижелер біздің (авторлар: М.М. Әбділдин, Ф.Б. Баимбетов, М.А. Жүсіпов, Т.А. Қожамқұлов, Т.С. Рамазанов, М.С. Омаров) «Теориялық физикадағы фундаменталды әсерлесулерді зерттеудің күрделі мәселелері» деген монографиямызда келтірілген (Қазақ университеті баспасы, 1997). 2006 жылы «Жалпы салыстырмалық теориясындағы денелердің қозғалыс мәселесі» атты монография жарық көрді («Қазақ университеті», 2006 ж.).
Қазақстандағы «Теориялық физика және жылу физика- сы» мамандықтары бойынша докторлық диссертация қорғайтын арнаулы ғылыми кеңестің бірінші төрағасы болдым. ҚазМУ-дың жанындағы біріншілер қатарында ашылған «Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институтын» құрастырғандардың бірімін. Ресейдің гравитациялық ассоциациясының мүшесімін. Ресейдің 9-шы (Новогород, 1996), 10-шы (Владимир, 1999) гравитациялық конференцияларының ұйымдастыру комитетінің мүшесімін және 2-ші халықаралық «Өрістің кванттық теорияы және гравитация» (Томск, 1997) деген конференцияларының, салыстырмалық теориясы мен гравитацияға арналған (Иерусалим, 1997; Рим, 2000; Рио-де-Жанейро, 2003; Берлин, 2006) халықаралық конференциялардың координациялық комитеттерінің мүшесі болдым.
Біздің ғылымда жеткен жетістіктеріміз жайлы америка ғалымы А.Траутманның (Успехи физических наук, АН СССР, 89 том, 1 шығарылым, 1966 май, 30 бет) жалпы салыстырмалық теориясының 50 жылдығына байланысты айтқан пікірі бар. Біз туралы А. Эйнштейннің 100-жылдығына байланысты Берлинде болған конференцияда да айтылған (Проблемы физики, М.: Мир, 1982, 150 бет). Біздің ғылым жолында алған нәтижелеріміз жалпы салыстырмалық теорияға арналған 15-ші халықаралық конференциясының материалдарында бар (Пуна, Индия, 1997).
Теориялық физикадан 10 ғылым кандидатын дайындадым. Соның біреуі (Чечин Л.М.) кейін докторлық диссертация қорғады.
Сөз соңында, маған өмірімде қол ұшын берген, қызметте бірге болып, сыйласқан, пікірлес болған асыл азаматтары ҚазҰУ-дың А.З. Закарин және Ө.А. Жолдасбеков деген екі ректорын еске түсіріп отырмын. Осы жерде менің ескі досым Г.Г. Гладышевтың,