жататын берілгендер жиынтығы.
ДҚБЖ –ДҚ-ны құруға арналған программалық құрал. ДҚБЖ деректер қорын толықтыруға, өзгертуге, ақпаратты іздеуді жүзеге асыруға, сұрыптау, топтастыру және есеп беру құжаттарын алуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты сақтау қажеттілігі оның мәні болып табылады.
ДҚ-ны иерархиялық, желілік және реляциялық болып 3 түрге түрге бөледі.
1. Иерархиялық – осылай деректерді сақтауда әрбір ақпарат белгілі бір мән ретінде қолданылады, осы мәнге тәуелді еншілес элементтері болады, бірақ барлығы басталған бір элемент бар.
Ақырында мұндай қордың түрін ағаш ретінде көрсетуге болады. Мұндай ДҚ-да ақпаратты іздеу ыңғайлы емес және көп уақытты талап етеді. Иерархиялық ДҚ ағаш түрінде берілгендіктен, ақпаратты іздеу кезінде сол ағаштың әр бұтағын және ондағы бұтақтарды жапырақтарымен аралап шығуымыз керек болады. Осыған байланысты иерархиялық ДҚ релациялық ДҚ ретінде кеңінен қолданыс таппады. Күрделі емес ДҚ-ны құрған кезде және бірі-бірімен байланысы аз ақпараттарды өңдеуде иерархиялық ДҚ-ның бір артықшылығы бар, сондай-ақ деректер көзі және уақытқа байланысы ақпараттардың өсуіне байланысты емес.
2. Желілік ДҚ – бұл иерархиялықтың толықтырылған түрі, өйткені бір ғана бұтағы бар объектілер болады. Желілік модельдерде объектілер арасындағы байланысқа шек қойылмайды. Бұған мысал ғаламтор болып табылады. Бірыңғай үлестірмелі желілік ДҚ бір-бірін гиперсілтеме арқылы байланыстыратын миллиондаған құжаттардан тұрады.
3. Реляциялық ДҚ қазіргі заманда үлкен қолданысқа ие болды. Объектілер бағандар параметрін көрсететін екі өлшемді кестелер түрінде ДҚ-ның ішінде сақталады. Бағандар саны санаулы. Ал жолдар саны шексіз. Сонымен қатар бағандар бір-бірімен логикалық байланысқан.
Реляциялық ДҚ-ның ерекшеліктері:
– деректердің кесте түрінде берілуі;
– логикалық және физикалық тәуелсіздік. Әртүрлі пайдаланушылардың бір тұжырымдамалық модельді пайдалануы логикалық тәуелсіздікті береді. Ал физикалық тәуелсіздікте ешқандай физикалық сипаттамасы жоқ модельді пайдалану болып табылады;
– жоғары деңгейлі тілдерді қолдану. Программист процедуралық тіл (сұраныстарды жазу) көмегімен деректерге қол жеткізу стратегиясын құра алады;
– ДҚ-ға қол жеткізуді оңтайландыру. Оңтайландыру физикалық тәуелсіздік және процедуралық емес программалау тілдерін пайдалану есебінен жүзеге асады;
– деректердің тұтастығы мен оларды қорғау. Логикалық схемалар есебінен тұтастыққа, ал процедуралық емес программалау тілдерін қолдану арқылы деректерді қорғауға қол жеткізіледі;
– кеңінен қолданылуы. Реляциялық ДҚ программистер үшін ғана емес, қарапайым қолданушыларға да есептелген (мысалы, Miсrоsоft Оffiсе Ассsеss).
Байланысты жасау үшін артық өрістердің болуы реляциялық ДҚ-ның кемшілігі болып табылады.
5.2. Деректердің берілуі
Қалыпқа келтіру (нормалау). ДҚ-ны жобалау кезінде артық деректерді барынша минималдау керек. Артық дерек ақпараткөлемінің артуына, көшірме ақпарат енгізу барысында туындайтын қателіктерге