Коллектив авторов

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Скачать книгу

мысалдары 2.2-2.6-суреттерде келтірілген.

      КОИ – орыс тілі үшін кодтау және ақпарат алмасу.

      2.2-сурет. КОИ-7, КОИ-8 – орыс әріпі мен символдарының кодталуы

      1. #154 – үзіліссіз бос орын.

      АSСII – бұл сегіз разрядты кодты кесте, онда 256 символ коды берілген (127 – ағылшын тілі символдарының стандартты коды, ал 128-ден бастап 255-ке дейінгі кодтар – ұлттық стандарт, тілдің алфавиті, жалған графика, 0-ден бастап 32-ке дейінгі кодтар символға емес, функционалды пернелерге арналған).

      2.3-сурет. АSСII коды

      1) #32 – бос орын.

      Unicode – әрбір символды белгілеуге 2 байтта қолданылатын стандарт (математика, орыс, ағылшын, грек және тіптен қытай символдарын кодтауға болады). Оның көмегімен 256 емес 65536 түрлі символдарды кодтауға болады. Unicode стандартының толық ерекшелігі әлемнің қазіргі қолда бар, өлген және жасанды алфавиттерінен, сонымен қатар көптеген математикалық, музыкалық, химиялық және басқа да символдардан тұрады.

      СР1251 – Windows-тың қазіргі таңда неғұрлым кең таралған кодтау түрі («СР» дегеніміз «Соdе Раgе» – «кодты парақша» дегенді білдіреді).

      2.4-сурет. СР1251 коды

      1) #160 – үзіліссіз бос орын;

      2) #173 – шарасыз тасымал.

      2.5-сурет. МSDOS үшін СР866 кодтауы

      1) #255 – үзіліссіз бос орын.

      2) MAC – Мас 0S Ақпараттық жүйенің басқаруымен жұмыс жасайтын Аррlе фирмасының кодтауы.

      2.6-сурет. MAC коды

      ISO 8859-5 – стандарттау бойынша Халықаралық ұйым орыс тілі стандарты үшін тағы да бір кодты бекітті.

      2.7-сурет. ISO 8859-5 коды

      1) 128-159 кодтар қолданылмайды;

      2) #160 – үзіліссіз бос орын;

      3) #173 – шарасыз тасымал.

      Графиканың берілуі.

      Кескін экран бетіне шыққан кезде ол туралы екілік ақпарат видео жадысында болады. Кескіндер растрлық және векторлық графика болып екіге жіктеледі.

      Растрлық кескінде бір қабатты кестеге біріктірілген нүктелерден тұрады (ағыл. тіл picture element). Пиксель түсі жөніндегі ақпарат оның екілік кодынан тұрады.

      Адамның көзі 100-ден астам сұр түс реңін ажырататындықтан, ақ-қара кескіндерді бейнелеу үшін сұр түсінің реңдері пайдаланылады, бұл жерде тек жарықтығы өзгертіліп отырады. Бір пиксель 0-ден бастап 8-ге дейін биттермен кодталады. Жарықтық бір санмен сипатталады, қара түс – 0, ақ түс – N = 2k-l, бұл жерде k – разрядтар саны (8 разряд), яғни 255.

      Түстер адам көзінің торы арқылы үш негізгі түстің – қызыл, жасыл және көк көмегімен беріледі.

      RGB-ның (ағылш. Red – қызыл, Green – жасыл, Blue – көк) кейбір комбинациялары 2.2-кестеде берілген.

      2.2-кесте

      RGB (ағылш. Red, Green, Blue – қызыл, жасыл және көк) комбинациялары

      Компьютер мониторында әр пиксельде әртүрлі жарықпен жанып тұратын үш «кіші лампа» бар: қызыл, жасыл және көк. RGB (аддитивті модель) қағидасы – кез келген түсті арнайы цифр және әріп коды арқылы беруге болатын ережелер жиынтығы.