қағидашылығымен көпке көріне білді.
Бұқабаев Науан Қапарұлы (22.06.1935—23.05.2010) – инженер-металлург. 1960 жылы Қазақ кен-металлургия институтын бітірген. Қарсақбай мыс қорыту зауытында горновой (1960), аға инженер-зерттеуші, шарпу пешінің аға шебері (1961), өндірістік телімінің шебері (1962), конвертор телімінің бастығы (1963), металлургиялық цехтың бастығы (1972). 1973 жылы зауыттың бас инженері болып тағайындалды. 1979 жылы зауыт партия комитетінің хатшысы болып сайланды. Мыс өндірісі тоқтап, зауытты басқа салаға бейімдеу қолға алынғанда тәжірибелік-сынақ телімін басқарды. Қазақ ұлттық металлургиясының қарашаңырағын мақтан тұтты, оның жабылып қалмауына атсалысты, шойын қорытатын тәжірибелік телімді өз қолымен іске қосты.
Бұқабаев Науан
Бұқарбаев Арықбай (1899, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы – ө.ж.б.) 1928 жылы Қарсақбай мыс зауытының электр станциясына шуровшы болып қабылданады. 10 жыл отжағушы, аға отжағушы, қазандықты тазартушы болып істейді. 1949 жылы шуровшы болды. Өзі сауатсыз болса да мамандығының қыры-сырын жетік білді. Марапат парағында зауыт директоры В. Багреев төмендегідей мінездеме береді: «Бұхарбаев жолдас орталық электр станциясындағы ең үздік стахановшылардың бірі, жұмыс нормасын 168% асыра орындап келеді. Өте үлгілі және адамгершілігі зор жұмысшы. Аса белсенді, бастамашыл, қажырғырлы. Өзіне де, өзімен бірге істейтін әріптестеріне де қатан талаппен қарайды. Тәртіпбұзушылық мүлде болған емес. Орталық электр станция қоғамдық өміріне белсене қатынасады. 1951 жыл 23 шілде». А. Бұқарбаев «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен, КСРО Жоғары Кеңесі төлалқасының қауылысымен елдегі ең жоғарғы марапат – Ленин орденімен (1951) марапатталған.
Бұқарбаев Арықбай
Бұлқышев Баубек (1916, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, Сарлық ауылы – 1944, Украина, Днепропетровск, Софьевск ауданы, Серпухов селосы) – жазушы-публицист. Отан соғысының жауынгері. Шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазған. Қарсақбайдағы ФЗО мектебін бітірген (1934). Алматы сауда-қаржы техникумында оқи жүріп, 1938 жылдың 1 қазанынан Қазақстан жазушылар одағы жанындағы жас жазушылар мен ақындар курсында оқыған. Көптеген өлең, «Балалық шақ» поэмасын, «Ауылдан Алматыға» атты әңгімесін жазды. 1939 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, кейін «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі болған. Бұлардан соң Қазақ мемлекеттік баспасында іс басқарушы, «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі. 1940 жылдың наурызынан Кеңес әскері қатарына шақырылып, Мәскеу әскери училищесінде оқиды. Ержүрек жауынгер Мәскеуді қорғау, Украинаны азат ету шайқастарының бел ортасында болды. 1944 жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты. Жезқазғанда, Жездіде, Ұлытау кентінде Бұлқышев атындағы көшелер бар. Сәтбаев қаласында орталықтандырылған кітапханаға жауынгер-публицистің есімі берілген. Ұлытау кентінде елімізде