Сағындық Қожамсейітов

Қарсақбай және қарсақбайлықтар


Скачать книгу

орыс баласы Қарсақбай комбинатына қара жұмыскер болып қабылданған. 1929—1930 жылдары дабыл қағушы, 1930—1932 жылдары әуелі кіші, бір жылдан кейін аға фурмовшы болып істейді. Содан конвертор шебері, обер-шебері, металлургиялық цех бастығының орынбасары, бастығы болып көтеріле берді. Гетман бастамасымен металлургтер бір тоқсанда шапшаң балқыма алу санын 120-дан 160-қа жеткізді. 10 жыл ішінде шарпу пешін сапалы жөндеуді ұйымдастырғаны, екпінді еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие болған, грамоталар алған, костюм киген, велосипед мінген.

      Гетман Емельян

      С. Қожамсеиітов.

      Гурба Виктор Васильевич (1914, Украина, Сумы облысы, Глухов қаласы -1981, Жезқазған облысы, Жезқазған қаласы) – 1936 жылы Екатеринбург тау-кен институтын бітірген тау-кен инженері. Өмірінің 40 жылы Жезқазған – Ұлытау өңірімен, Жезқазған кен-металлургия комбинатымен байланысты. 1952 жылы сәуірде Жезқазған мыс комбинатының бас инженері, 1953 жылы қарашада Жезқазған тау-кен басқармасының директоры болып тағайындалды. 1958 жылдың шілдесінен өмірінің соңына дейін Қ.И.Сәтбаев атындағы Жезқазған кен-металлургия комбинатының директоры болып істеген. Қарсақбай мыс зауытының, қарсақбайлықтың мәселелеріне аса мұқият қарады. Қарсақбай байыту фабрикасы, орталық электр станция жабылғанда әрбір жұмысшының, әрбір инженер-техниктің жұмыспен қамтамасыз етілуіне, жаңа қоныста үйлі-жайлы болуына ерекше маңыз берді. Жезқазғанда жаңа мыс қорыту зауыты іске қосылғанда кейбір басшылардың қарсақбайлық металлургтердің білімі мен біліктілігіне күманмен қарағанда, ол туынды мәселені мемлекеттік тұрғыдан әділ шешті, қарсақбайлықтар түгелдей жұмысқа қабылданды. Бұрыңғы облыс орталығының 6-шы мөлтек ауданында металлургтер көшесі пайда болды. Гурба 1960 жылдан үзбей Қазақ КП ОК құрамына сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің (1965), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің (1955) депутаты, КОКП XXV съезіне делегат болып сайланды. Екі мәрте Ленин орденімен (1961, 1966), 5 медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген кенші. Техника ғылымдарының кандидаты. Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Гурба атында Жезқазған, Сәтбаев қалаларында көшелер бар.

      Гурба Виктор

      Гулин Виталий Степанович (25.04.1892, Уфа губерниясы, Сатка қаласы – 26.08.1965, сонда) – 1935 жылғы мамырдан 1939 жылға дейн Қарсақбай мыс комбинатының директоры. 1906 жылы екі сыныптық училищесін бітірген соң, Саткинск шойын қорыту зауытында тазалаушы болып жұмысқа тұрған. 1908 жылдан бастап қазіргі «Магнезит» комбинатында электр жөңдеуші болды. 1914 жылы әскер қатарына алынып, майданға аттанды. 1917 жылы күзде фельдфебель әскери атағымен Сатқаға қайтып оралып, революциялық іс-шараларға араласып, эсерлер партиясынан қалалық жұмысшылар мен жауынгерлік депутаттар Кеңесіне сайланды. 1918 жылы ақпанда зауытты национализациялауға қатысып, АҚ басқармасының құрамына кірді.