1939 жылы қалада 3207 адам тұрды. 1941 жылы 23 мамырда Үлкен Жезқазған елді мекені жұмысшы қалашығы қатарына жатқызылды. 1954 жылы 20 желтоқсанда қала мәртебесіне ие болды, 1973—1997 жылдары аттас облыстың әкімшілік орталығы, теміржол станциясы. Қала халқының саны 89 мың (2014) адам.
Кетбұқа ғо уанға ескерткіш
«Қазақмыс» корпорациясының «Жезқазғантүстіметалл» өндірістік бірлестігі, Жезқазған мыс қорыту зауыты, «Жезқазғансирекметалл» мемлекеттік кәсіпорыны, Қарағанды құю-механикалық зауытының бөлімшесі, т.б. орналасқан. Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, 10 колледж, 14 орта мектеп, С. Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театры, филармония, 2 мұражай, мұрағат, спорт сарайы, стадион, қалалық орталық аурухана, «Самсунг» медицина орталығы, отбасылық амбулаториялар жұмыс істейді. Жезқазғанның даму жоспары 2011 жылы бекітілген. Абылай ханға, Қ. Сәтбаевқа, С. Сейфуллинге, А. Имановқа, Ә. Жанкелдинге және көтерілісші сарбазға, Ұлы Отан соғысына қатысқан жезқазғандықтарға ескерткіштер орнатылған. 2017 жылы күзде Шығысхан дәіріндегі жырау, күйші, ғо уан бабамыз Кетбұқаға сәулетті ескерткіш орнатылды. Жезқазған арқылы Қарағанды – Жезқазған – Жезді, Жезқазған – Бейнеу, Жезқазған – Шұбаркөл – Арқалық теміржолдары өтеді. Сондай-ақ, республикалық маңызға ие әуе және автокөлік жолдары бар.
Жезқазған мыс кен орыны – Ұлытау өңірінде, Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км қашықтықта орналасқан. Кен орнында кейінгі неолит заманынан (б.з.б. 6000 жыл) кен өндіріліп, мыс балқытылған. Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің тайпалары мыс өндіруді жеке шаруашылыққа айналдырды. Мыйлықұдық, Сорқұдық, Айнакөл, Кресто, т.б. металлургиялық мекендер пайда болды. Олардың ең ірі қалашығы Мыйлықұдық шамамен ХVІІ ғасырға дейін, яғни Ұлы Жібек жолы құлдырағанға дейін жұмыс істеп тұрды. Қазіргі заманғы алғашқы мыс кәсіпшілігін 1847 жылы орыс көпесі Н. Ушаков ашқан. 1904 жылы кен орны ағылшындардың «Атбасар мыс кентасы» акционерлік қоғамына концессияға берілді. Олар 1907 жылдан 1912 жылға дейін бұрғылау жұмыстарын жүргізді. Жалпы тереңдігі 20 мың метрді құрайтын 234 ұнғыма бұрғыланды. 1914 жылы жалпы 335 метр тереңдік 14 шахта жүрілді. («Большой Джезказган». АН СССР. Москва. 1935. Статья Сыромолотова Ф. Ф. «Госплан СССР. Джезказган»). Кен барлау жұмыстары 1925 жылы кең көлемде жүргізіле бастады. Бірінші отандық мыс 1928 жылы Қарсақбай комбинатында балқытылды. Академик Қ. И.Сәтбаевтың 1929 жылы қолға алуымен басталған геологиялық барлау жұмыстарын үздіксіз жүргізген. Жезқазған мыс кенінің геологиялық құрылысы таскөмір, пермь және кайнозой шөгінділерінен құралған. Таскөмір жүйесінің орта және жоғарғы бөлімдерін қамтитын кен қабаттары Тасқұдық, Жезқазған свиталарына жіктеледі. Қалыңдығы 250 – 300 м Тасқұдық свитасы 3 кенді горизонт құрайтын қызыл және сұр түсті 16 қабаттан тұрады. Қалыңдығы 350 – 400 м Жезқазған свитасы 7 кенді горизонт түзейтін қызыл және сұр түсті 36 қабаттан тұрады. Бұл қабаттар литол құрамы бойынша қызыл және сұр түсі аргиллит, алевролит, құмтастан және аз мөлшерде