өтеді. Қарсақбай, Байқоңыр, Көктал, Қоскөл станциялары салынды, 8 разъезд іске қосылды. Мұның үстіне барлығы 60 шақырым жол айырықтары, станцияаралық жолдар, бірнеше суағар көпірлер пайдалануға беріледі. Жұмыстың күрделілігін Жезқазған қаласының жанындағы Жезді өзенінің үстінен түскен көпір айтып тұр. Ол тек жаңа темір жол бойында ғана емес, бүкіл Қарағанды облысындағы ең үлкен көпір болып саналады. Оның ұзындағы 144 м, ал биіктігі 27 метр. Сондай-ақ, Ұлытау аймағында Шотыбассай, Қумола көпірлері жаңа үлгідегі техникалық талапқа сай құрылыстар.
Бұл жол толық қуатына шыққанда жылына 21 млн тонна жүк тасылатын болады. Халықаралық жолаушылар поезы жүре бастайды. Жезқазғанда темір жол вокзалы жаңа қалпына келтірілуде. Қаланың іргесінде қуатты өндірістік база және шағын қалашық іске қосылды. Жезқазған – Бейнеу темір жолының Ұлытау телімінде жүздеген адам жұмысқа тартылды. Темір жолдан аудан бюджетіне түсетін қаржы қомақты. 2016 жылы 15 наурызынан бастап Жезқазған-Қызылорда бағытында жолаушылар поезы жүре бастады.
Жеңсікбаев Жүрсін (1934, ОҚО, Қарсақбай ауданы, Өрнек ауылы – 2009, Қарсақбай кенті) 1951 жылы Қарсақбай металлургиялық цехында еңбек жолын бастаған. Аспалы кран жүргізушісі. 1965 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген металлургі құрметті атағы берілген. Еңбектегі үздік жетістіктері үшін 1975 жылы ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен, 1978 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Жеңсікбаев Жүрсін
Жоғары марапат иелері. Қарсақбайлықтардың ерен еңбегін Отанымыз жоғары бағалады. Ұзақ жылғы өнімді еңбегі, мінсіз қызметі, жаңашылдығы және бастамашылды үшін 17 қарсақбайлық Ленин орденімен, қырықтан астам металлург Еңбек Қызыл Ту оренімен, үш жүздей металлургтер, балқытушылар, энергетиктер, көміршілер «Ерлік еңбегі үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «Тың және тыңайған жерді игергені үшін» медальдерімен марапатталды. Ленин орденімен марапатталғандар ішінде Қарсақбай геологиялық кенсесінің бастығы Қаныш Сәтбаев, аға конверторшылар Қозыкен Жампейісов, Мұзафар Жүсіпов, Мақсұт Жұмабеков, Оразалы Мейрамов, аға балқытушы Тұрсын Смайылов, аспалы кран машинисі Байқас Мәмбетов, Қарсақбай орталық электр станциясының бастығы Василий Шпак, турбина машинисі Мұқыш Есенбаев, аға фурмовшы Мақсұт Жұмабеков, қазандық тазалаушы Арықбай Бұқарбаев, аға классификаторшы Петр Мельников, боровшылар Нұртаза Самұратов, Тайшығара Нұртазаев, автокөлік жүргізуші Көдей Мамақов, орталық электростанциясының цех бастығы Ю. Я. Юмашев т. б. болды.
Мәмбетов Байқас
Юмашев Г.
Жұмабеков Мақсұт
Еңбек Қызыл Ту орденін жарқыратып төсіне таққандар ішінде металлург-екпінділер Жәкен Нұрханов, Василий Безбатько, Рамазан Мұнсызбаев, Әбдірашит Мәселеев, Әбдірахман Шығысов, т.б. бірнеше ондаған металлургтер болды.
Қарсақбайдан Қазақ КСР мен Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген