жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Жүсіпов Мүзафар (1906, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы – 1980, Жезқазған облысы, Жезді ауданы, Жезді кенті) – Қарсақбай мыс қорыту зауытының озат металлургі. Қарсақбайға 1925 жылдың жазында келген. Жаңа салынып жатқан тар табанды темір жолдың жерін қазып тегістеп, топырағын үйіп көтерген. Негізгі құрал-сайманы – кетпен мен күрек, қайла, аға тәшке. «Бізбен бірге көптеген орыстар да қоса істеді. Жұмыстың бәрін осылардан көріп біліп істесіп жүрдік. Олар бізден гөрі ықшам, пысық, ыңғайлылық сияқты» – дейді естелігінде. Жүсіпов 1928 жылы 28 тамызда зауыттық металлургия цехына жұмысқа ауысқан. Онда шлак тасушы, тиеуші, шихтовшы, дабылшы, соңынан конверторшы, ауысым шебері, аға ауысым шебері болып істеді. 1938 жылы шала сауаттылар мектебін бітірген. Ташкент политехникалық институтында жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқыды. Мысты тез балқытудың шебері атанды. 1941 жылы қазанда шарпу пешінің көмейі күлге толып, тартуы төмендеп, шихта қорытылуы құлдырап кетті. Бірақ пешті тоқтатуға болмайды, мадан тапсырмасы орындалмай қалады. Ал, жұмысы 120—150 градус ыстықта пештің көмейін бітеген қатып қалған күл сынықтарын сүйменмен, ауыр балғамен сындырып алу керек еді. Көмейге сәл су себелеп, сәл ыстық басылғанда бірінші болып ауысым шебері Мұзафар Жүсіпов, конверторшы Қаржан Бәйжіков енді. Небәрі 5 минутте олар қатқан күлді сүйменмен, балғамен сындырып, сыртқа шығарды. Бұдан артық жұмыс істеу мүмкін емес еді. Егер қабырғаға денең тисе, күлің қалатыны, балғаң тисе, бірің майып болатының анық еді. Осылай жұмыс жалғасты, металлургтер бірін-бірі ауыстырды. 26 сағатқа созылған теңдесі жоқ ерлік пеш жұмысының тоқтаусыз істеуді қамтамасыз етті.
Жүсіпов Мүзафар
Жүсіпов өндірісте жоғарғы көрсеткішке жеткені, Отан алдындағы қызметі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ол бұл жоғарғы марапатты Кремль сарайында Одақтың құрметті ақсақалы М.И.Калининнің қолынан алды. Бұл салтанатқа И.В.Сталин, К.Е.Ворошилов, т.б. партия, үкімет басшылары қатысқан.
Жүсіпов Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындаға еңбек ерлігі үшін», «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне», т.б. медальдармен марапатталған. Бірінші сайланған Қарағанды облыстық кеңесінің депутаты.
Жүсіпов есімі Жезқазған қаласындағы көшелердің біріне берілген.
(Л.А.Пинегина, С.А.Федюкин. Жезказган – город меди. «Наука». Алматы.1966.
С. Бүкіров. Жарқын жылдар жаңғырығы. Алматы, 2010).
Жылқайдаров Әбдікәрім (1903, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, №8 ауыл – 1949, Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы, Қарсақбай қалашығы) 1918—1924 жылдары Қызылорда облысында бір байда жалшы болады, 1924 жылы Қарсақбай мемлекеттік мыс комбинатының металлургия цехына фурмашы болып қабылданады. Осында 1938 жылы сауатсыздықты