Қанат Жойқынбектегі

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап


Скачать книгу

бір үлкен ауыл болып отыруды насихаттауларың керек.

      Ауыр мінезді Түсіп үндемей, көбіне тыңдап келеді. Қаспақ да әлі Шоңның айтқанын іштей толғап келе жатқан секілді. Екеуі де сөзге араласпайды. Тек тыңдаушы ғана болып келеді. Сөзге беріліп келе жатқан жалғыз Әлсен ғана. Ол тағы да сөз туындатып:

      – Сонда негізгі тіршілік көзі болып отырған малды қайда жаямыз? – Бұл да, ақылдасып алғандай, Телқозының сөзін қайталап отыр еді.

      – Мен бұл туралы сендерге сан рет айтқанмын. Неге қайталай бересің! Бүкіл Нұра бойына қатарлап Тоқалар қоныстанып отырып алса, арасына келіп бір орыс қоныстанбайды. Сонда бүкіл өзен бойы сенікі болады. Нұраның терістігі мен шығысында қанша жер жатыр, сол мал үшін нағыз өріс. Өзен бойынан алыс жерге барып орыстар қоныстанбайды. Қазақтың барлық тіршілігі бұдан былай жалғыз малмен қалмайды. Ана орыстар тәрізді огородтар салу керек. Тағы да қайталап айтамын, үлкен ауыл болып отырсаң, орыс жуымайды. Оларға әлгі огородтарын салу үшін су керек. Сол себепті олар сусыз жерге бармайды. Ал мықтап қоныстанып алған елді орныңнан көш деп айта алмайды. Түсіндіңдер ме, қазіргі мәселе малда емес, сулы жерде. Егер шашырап отырсаңдар енді бір жиырма, елу жылдан кейін бүкіл Нұра бойына орыс қоныстанады. Менің осы айтқанымды орындамасандар, Тоқалар жақсы жерден айрылады. Ішім сезіп отыр, қазақ жеріне орыстың қоныстануы алдағы уақытта күшейеді. Орыс деген халық жер болса болды жүре беретін көрінеді. Мен орыстардың газет-журналдарынан оқып отырмын, бір шеті сонау шығыста теңізге дейін кетіп қалыпты. Оған қатынайтын темір жол салып жатыр. Ал мына іргесіне жақын қазақ жеріне міндетті түрде келеді.

      – Шоң, орыстар біздің ауылдың іргесіне келіп қоныстанып алды ғой, енді оны қайтеміз, – деді Түсіп.

      – Түсіп, олай болса анау Үлкен көңдегі отырған туыстар мен Елгелділерді көшіріп алыңдар. Содан кейін бір орыс жуымайды. Тағы да келуі мүмкін. Оны жасамасаңдар сан орыстар көшіп келе береді, маңайларына.

      – Сен оны қайдан білесің. Сенімен ана ояз ақылдасты ма? – деп сұрады Әлсен.

      – Әлсен, есіңде болсын, ешқашан саған орыстар мына жерге көшіп келетінін айтпайды. Ол жасырын шаруа. Ал қазіргі саясаттың өзі орыстардың қазақ жеріне көптеп келетінін дәлелдеп отырғандай.

      – Ана орыстар айтып отыр ғой. Біз енді қасымызға басқа жақтан бір орысты жібермейміз дейді, біздің көршілеріміз, – деді Түсіп.

      – Тура өз заемкасына жібермесе де, ар жағынан, бер жағынан келіп қоныстанып жатады. Ана сенің көршілерің оған қуанбаса ренжімейді. Ал ана сөзі сені алдау. Және оны шешетін Ақмолада отырған ояз да емес, одан жоғары отырған губернатор мен патша қасында отырған мықтылардың жоспары. Ал ояз соны екі етпей орындайды.

      Мына сөзді естігенде Түсіп үндемей қалды. Оның орнына Әлсен айтты:

      – Шоң, сен айтып отырсың ауыл арасы елу-алпыс шақырымнан болсын дейсің. Қалың Тоқа осы бір өзеннің бойына сия ма?

      – Сыймаса анау Кұндызды жатыр, мына жақда Құланөтпес – бәрін жайлап алу керек. Неғұрым көп болып отырсақ, орыстар