Қанат Жойқынбектегі

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап


Скачать книгу

Шоң біліп отырған. Казактардың айтқанын көңілі қаламады.

      Байларға айтқанын жасататын өзінің де бір әдісі болатын. Ол осы маңайдың ұрыларына пәленнің пәленше жүйрігін алып кел десе, оларға сездірмей-ақ алып келетінін біліп отырған. Бірақ Шоң оған да бармады. Ол туралы мына жерде айтпады. Сөзінің соңында айтқан:

      – Сендердің күш көрсетулерің дұрыс емес. Ал губернатордың алдында мен өзім жауап беремін. Сендер тек шыдаңдар!

      Орыс-казактардың бастығы мына сөзден кейін айтары таусылғандай, үндемей қалды. Бірақ олардың қатты ренжіп отырғанын білді Шоң.

      Орыс мінезін жақсы білетін Шоң оларды көңілдендіру үшін Захар заемкасына Ахметжанды жіберіп, қолдан ашытқан арақ алғызып берді. Арақ ішіп алған орыс-казақтар жөн сөзге келіп, Шоңмен дұрыстап сөйлесе бастады.

      – Шоң Телқозинович, не жасасаңыз да өзіңіз біліңіз. Біз күтуге дайынбыз, – деді төрт казактың бастығы, біраз арақ ішіп алған соң. Олардың ашуы басылды. Шоң Захардың арағын беріп осыны жасады да отырды.

      Қазақ айтқандай, тамағы тоқ, көйлектері көк, жата берді олар да. Күнінде төрт-бес мезгіл тамағын Әйімкүлге дайындатып тұрды. Олар да Шоңнын мұндай қызметіне риза еді. Енді басы артық сөз айтпайтын болды. Жата берді.

      Орыс-казактардың емес, енді Шоңның өзінің шыдамы бітті. Бұл жолы іргелес отырған Жыланды болысының билері мен болысы Қалмағанбетті шақырды. Бірде-бір жүйрік әкелмей жатқан осы Жыланды болысы еді. Бұл жолы да өткен жолғыдай қайыра дастархан жасалып, әңгіме басталды. Шоң бұл жолы да ешкімде де жекелеп тиіскен жоқ. Бәріне арнап сөйледі:

      – Сіздер өткен сайлауда мына Қалмағанбетті жақтап сөйледіңдер. Өз алдына болыс болдыңдар. Мен енді сендермен бұдан былай сөйлеспеймін. Жүйріктер жайында келесі жолы ояздың алдына барып, өздерің жауап бересіңдер. Бұл менің сіздермен соңғы сөзім, әкелетін жүйріктеріңді әкелесіңдер ме, әлде әкелмейсіңдер ме, соны білгелі шақырдым. Бұдан кейін сендермен әңгіме бітеді. Келесі жолы анау ояз алдына барып айтасыңдар. Тағы да ескертетінім, бұл губернатордың тапсырмасы. Ояз сендерді аямайды. Менің бұл сөзіме сенбесеңдер, казір екі-үшеуің мына орыс-казактармен бірге Ақмолаға барасындар!

      Мына сөз бәрінен бұрын Қалмағанбетке ауыр тиген болуы керек, ол отырып:

      – Шоңке, мен бәріне айттым, бірі тілімді алмайды.

      Шоң болыстың аузынан мына сөзді естіп ашуланып қалды да, билерге арнағандай етіп:

      – Өткен екі сайлауда да осы Қалмағанбетті қолдадыңдар. Енді мыналарың не? Осындай қиын жағдайда неге қолдамайсыңдар. Қарауларыңдағы ана ағайын байларды шақырып алып айтпайсыңдар ма? Қалмағанбет жас. Ал сендердің ел алдында беделдерің бар, – деді.

      Аққошқардың бір биі:

      – Шоңке, байлардың кеуделі екенін білесіз. Солар Қалмағанбетті жас дей ме, кейде біздің тілімізді де алмай кетеді. Сөзімізді тыңдамай отыр.

      – Олай болса қазір солардың есімдерін маған айтыңдар. Болыс пен билерге бағынбаған ол қандай байлар? Сіздердің тілдеріңізді алмаса