ылғи басқаларға шамаң келмесе де, маған күш көрсетесің де отырасың. Ана Елгелділерден болыстығыңды көрсетіп, неге алмадың? Сені қалай түсінуге болады? – Телқозы ашумен біраз жерге барған. Шоң шыдай алмай:
– Телқозы, бос сөзды қой! Елгелділерде шаруаң болмасын. Олар кейін жауабын береді. Екі ру арасындағы жанжалды одан әрі ушықтырғың келіп отыр ма? Одан да мына орыстарға жүйрік аттарды бер. Ертең сөз болмасын десең, айналаңда неше түрлі адамдар отыр. Ертең оязға жеткізеді. Екі-үш жылқы үшін мен ұятты болып қалмайын.
Телқозы бұдан кейін ештеңе демей шығып бара жатыр еді, оны Шоң тоқтатып:
– Телқозы, айтып отырмын ғой, мына орыстарға беретін жылқыларды алып кел. Екі жүйрік емес, төртеуін әкел. Екеуі ана Кербестінің тұқымынан болсын!
Телқозы Шоңның не ойлап тұрғанын біле қалды. Шоңның мұндайдағы ойы Елгелділерден алмаған екі жүйріктің орнын өз жылқысымен жабу болатынын сезді. Шоңның мына сөзіне Телқозы қатты ашуланды.
– Сен сөзге түсінбейтін қандай адамсың?! Мен бұл орыстармен келістім деп айтып тұрмын ғой. Бұлар айтқан, сізден жылқы алмаймыз деген. Сен бос сөзді қой. Екі жылқы беремін. Сол жетеді!
Қасында отырған казак даудың жылқыға байланысты болып жатқанын сезе қалды да:
– Шоң Телқозинович, сіздің бізге сіңірген еңбегіңіз үшін біз жылқыңызды алмаймыз, – деді.
– Олай болса, елден жинаған аттарыңның бәрін қайтып беріңдер!
Шоңның мына түсініксіз сөзіне казак таң калды.
– Сонда Колпаковский алдында біз не айтамыз?
– Сендер ештеңе айтпайсыңдар, генерал алдында да, ояз алдында да мен жауап беремін!
– Шоң Телқозинович, бұл болмайтын шаруа.
Шоң бұлардың елді сауғалап, жылқы орнына ақша алғанына ренішті еді.
– Мен оларға айтар сөзімді білемін. Өзің не айтарыңды анықтап ал… Қазір жүйрік аттардың бәрін тастап кетіңдер!
Орыс-казактардың бастығы Шоңның мына сөзінің астарында не жатқанын біле қалды. Жүйріктерінің орнына елден пара алғанын жазып, өздерін ұятқа қалдыратынын біліп отыр еді.
Казактардың бастығы айтқан:
– Шоң Телқозинович, қайсысы жүйрік емес екенін айтыңыз. Соларды түгел қайтарамыз, – деді казак.
Ерназарлардың арасында Дәулен деген кісі бар болатын. Сол Тоқалардағы жүйріктердің бәрін білетін. Соны шақыртып алып айтқан болатын: «Дәуке, сіз маған мына жылқылардың ішінен қайсы жүйрік еместігін анықтап беріңізші» – деді. Ол аралап көріп, он шақты жылқылардың нашар екенін анықтап берген еді. Шоң казактардың бастығына айтқан: «Қазір сен барып мына аттарды қай жерден алдың, орнына жүйріктерін алып кел. Әйтпесе, бір жылқы да алмайсың» – деді.
Ол кеткен. Әлгі пара алған байларды қорқытып, ыңғай жүйріктерін алып келген еді.
Олар дау шығара алмады. Жүйріктерін берген. Шоңнан, бір жағынан мына казак-орыстан қорықты. Оған қоса әкесінен не үшін жүйрік алмай отырғанын білді казак. Осында келгелі Шоңның адал адам екеніне көзі әбден жеткен болатын. Мына сөзді содан кейін айтып отырғанын түсінді.
– Сіздің