Akedil Toyşanulı

Türk-Moğol Mitolojisi


Скачать книгу

ilişkileri kopmaya başlayan Türk-Moğol halklarının eski kültürünün altın ipini bağlamaya, asıl köklerinin canlanmasına katkı sağlayacağına böylelikle de halklarımızın kardeşliği ve dostluğuna aracı olacağına inancımız tamdır.

      Eseri Türkiye Türkçesine aktaran, Türkoloji bilimine büyük katkı yapan bilim adamı, Hoca Ahmet Yesevi Uluslararası Türk-Kazak Üniversitesi Türk Dili ve Edebiyatı Bölümü başkanı Prof.Dr. Bülent Bayram’a canıgönülden teşekkür ederim.

Prof. Dr. Darhan KIDIRALİUluslararası Türk Akademisi Başkanı

      Aлғы Сөз

      Алып бәйтеректің қос бұтағындай мәуелі, ұлы дарияның егіз тармағындай саялы түрік-моңғол халықтарының терең тарихының түп тамыры, рухани мирасының қайнаркөзі – ортақ дәстүрден бастау алатыны айдан анық ақиқат. Адамзат өркениетінің салқар керуенінде түрік пен моңғол халықтарының әу баста қанаттас, ұялас жүрген, кейіннен біртіндеп ұзап алшақтаған, заманалар бұралаңында қайтадан жақындасып қауышқан, түйіліскен тұстары да бар екенін осы халықтардың тарихын, тілін, дәстүр-салтын зерттеген мамандар сөз етіп келеді. Әйткенмен, ғылымдағы түрік-моңғол бірлігі мәселесі соншалықты ертерек қолға алынып, өткір қозғалғанымен, бүгінге дейін оның түпкілікті шешімін таппаған жайттары, пікірталас туғызып отырған арналары, болашақ зерттеушісін күтіп тұрған тың салалары мол ұшырасады. Алтайтану ғылымында осы халықтардың арғы тегі, тілі мен мәдениеті ортақ болды ма, әлде аралас-құраластықтың арқасында кейіннен тұтастық тапты ма деген сауалға тиянақты жауап әлі де беріле қойған жоқ. Біздің ойымызша, мұндай күрделі ахуалдың қалыптасуының әлденеше себеп-салдары бар. Түрік-моңғол халықтары аса алып кеңістікке: Байқалдан – Балқанға, Алтайдан – Анадолыға дейін жайылып орналасқан, сонымен бірге уақыт тұрғысынан алғанда, қилы-қилы замандар мен дәуірлердің шым-шытырық бұралаң жолдарын басып өтіп, артына сырлы жұмбақ, тарих пен тағдырдың құпия кенішін қалдырған шежірелі жұрт. Түрік халықтарының ана тілінің таралу аймағы туралы таңдана жазған академик В.В.Радлов: «Жер бетінде түрік халықтарының тіліндей орасан алып кеңістікке жайылған бірде бір тіл жоқ деуге болады. Жаһанның үш қиырында, атап айтқанда, солтүстік-шығыс Африка мен Европалық Түркиядан бастау алып, Оңтүстік Сібір алқабы мен Гоби шөліне дейінгі кең байтақ өлкеде тұтастай түрік тілінде сөйлейтін халықтар тіршілік етеді» деген болатын. Енді осы санатқа ілкі дәуірден бері іргелес өмір сүрген ағаш уықты, киіз туырлықты көшпенді моңғол тілді ұлыстарды қоссаңыз, жағырапия да недәуір ұлғайып, байтақ түрік-моңғол әлемі алдыңыздан айқара ашылады. Бұған тарихи дамудың барысында түрік халықтары негізінен ислам дінін, ал моңғолдар будда дінін қабылдауын есепке алсақ, осы бауырлас халықтардың рухани табиғаты заманалар бедерінде толыса байып, аса күрделі құбылыстарды бастан кешкенін байқай аласыз. Ал шаманизм сенімінде болған сібір түріктері орыс отаршылдығы тарапынан шоқындырылу үдерісін бастан өткерсе, түрік тектестердің ең шығыс шегіндегі аталас жұрт тувалықтар ежелден будда дініне енген болатын. Демек, түрік-моңғол дүниетанымындағы мәдени ауыс-түйістердің бояуы мейлінше алуан реңді сипатқа ие. Оның үстіне көршілес бұл халықтардың тарихы саясиланған көзқараспен тексеріліп, түрлі бұрмалаушылыққа ұшырап, түрікмоңғол халықтарының ара-қатынасына сына қағушылық та орын алып келгендігі – мәселенің шынайы ғылыми нысанға айналуында қордаланған ахуалдар бар екенін көрсетеді.

      Жинақтап айтқанда, осыншалықты қырық қатпарлы, өзгеше бітімді өркениетті тану үшін түрік пен моңғол халықтарының тілін, ділін, фольклоры мен әдебиетін, өнері мен философиясын, салты мен дәстүрін терең меңгерген маман зерттеушінінің аса қажеттігі – қазіргі заманның талабы.

      Бұл бағыттағы Халықаралық Түркі академиясының Алтайтану, Түріктану, Моңғолтану ассоциациясы тарапынан сараптамадан