Akedil Toyşanulı

Türk-Moğol Mitolojisi


Скачать книгу

ежелгі батырлар мен тау көтерген алыптардың, шипагер әулиелердің басқыншы жауға қарсы күресе жүріп, өздері тау-тасқа айналып кеткені туралы сарындарды қазақ, түрік, әзербайжан, моңғол секілді халықтардың мифологиясы шеңберінде ауқымды үлгілерге сүйеніп кешенді талдаған. Қызығы, халықтарымыздың баршасы да осы мифтерді бір-бірінен қаншама қашықтықта, мейлінше жырақ отырғанымен соншалықты ұқсас кепте әңгімелеген. Демек, әрбір түріктің өз өлкелерінде тұрған қасиетті тау-тас бұрынғы бабалардың қаһармандық тарихының жанды куәгері, тарихты тірілтуші дерек, сол арқылы ұрпақты отансүйгіштік пен табиғатты аялауға шақыратын маңызды құндылық екенін зерттеуші тап басып айтқан. Мысалы, Көкшетау өлкесіндегі Жекебатыр, Апалы-сіңлілі, Оқжетпес секілді тау жоталары бір қырынан қарағанда, ерлікке қойылған табиғат ананың ескерткіші, екіншіден көркем сөзбен суреттелген мүсін деген қорытынды жасалады. Ал түріктердің барлығында кездесетін «Тасболған келін», «Аң-құсқа айналған адам» туралы айтылатын желілес мифтер «егер адамгершілікке жат қылық жасап, оғаш тірлік істесең, осындай күйге түсесің, ауыр жазаланасың» деген сарынмен адамды ескертуші, сақтандырушы қызмет атқарады. Ал аспан әлеміндегі самсаған жұлдыздар, ғаламның жаралу шежіресі, өсімдіктер мен ағаштар, өркениеттің пайда болуы, хайуанатар мен құстар, музыкалық аспаптар мен мәдени дақылдар туралы әзелгі әңгімелер түрік-моңғол мифологиясының құндылықтар жүйесіндегі інжу-меруерт екендігі әр қырынан талданған. Материалдық мәдениеттің мифологиялық қырлары зерттеуге айнала қоймаған сала десек, бұл бағытта дәстүрлі баспана киіз үйдің киесі – автор тарапынан тиянақты сараланады. Ғалымның Алтын орда, Ақ орда, Алаш орда секілді мемлекеттік құрылымның түзімі де киіз үйден бастау алғанын дәйектеуі – назар аударуға тұрарлық байлам.

      Еңбектің үлкен жетістігі – автор түрік-моңғол халықтарының мифологиялық ауқымды деректерін сол халықтардың төл тілінде қолданып, оны түпнұсқадан тікелей аударып, ғылыми нысанға айналдыра білуі жинақталған деректердің дәйектілігі мен шынайылығына сенімді нығайта түседі. Зерттеуші түрік-моңғол мифологиясының сюжеттері мен кейіпкерлер жүйесін, түп бейнелердің қалыптасу себептерін аса ауқымды деректер негізінде өзара және әлем халықтарының мифологиялық мәліметтерімен кешенді салыстыру арқылы тиянақты қорытындыларға қол жеткізе алған. Бауырлас алтай, телеуіт, тува, хакас, шор, саха, моңғол, бурят, қалмақ, ойрат, қазақ, қырғыз, ноғай, татар, башқұрт, өзбек, әзербайжан, түрікмен, түрік сияқты халықтардың мұраларын жан-жақты дәйекті байыптап, олардың төлтума мифологиясы әлемдік діндерге дейін ортақ болған деген тұжырым жасалған.

      Әлбетте, түрік-моңғол халықтары ешқашан томағатұйық оқшау тіршілік етпеген, түрлі империялар орнату арқылы жаһандық саяси өмірге белсенді араласқан. Осындай кезеңдерде өзге өркениеттің құндылықтарын игеріп, кәдеге жаратқан, мәдени ауыс-түйістер жүріліп, рухани тоғысулар белең алғандығы зерттеуде шынайы