Мао Сяо

Тау мен теңіз ертегілері. Юйминь елі


Скачать книгу

көзіне көрінбейтін боласың. Оның сондай керемет сиқыры бар.

      «Гарри Поттер» кинотуындысындағы көрінбейтін плащ ғажап та әдемі болғанымен, алып жүруге қолайсыз, алып жүрген күннің өзінде, біресе киіп, біресе шешуге тура келеді. Ал көрінбейтін қоңыз оған қарағанда әлдеқайда ыңғайлы, оны өзіңмен алып жүрсең болады.

      Көрінбейтін қоңыздар шөптің немесе жапырақтардың арасында жатады. Сол себепті адамдар оны жапырақ не шөп екен деп ойлап қалады. Қайта айналып қараса, жаңағы көрген жапырақ не шөп жоқ болып кетеді, адамдар өз көзіне өзі сенбей қайран қалып жатады. Ал жапырақ не шөптің лезде көзден ғайып болуының себебі, оның үстіне көрінбейтін қоңыз келіп жатып алады.

      Ертеде мынадай әзіл болған екен. Бір адам көзге көрінбейтін жапырақтарды іздеп тапқысы келеді. Сөйтіп, ол үйіне көп жапырақ жиып алып келіпті де шетінен сынап көрмешкі болып бір жапырақты қолына алып, әйелінен:

      – Жаным, сен мені көріп тұрсың ба? – деп сұрайды.

      – Әрине, көріп тұрмын, – дейді әйелі. Ол келесі жапырақты ұстап, өзінің көзін көлегейлеп: – Жаным, мені әлі көріп тұрсың ба? – дейді.

      – Көріп тұрмын, – дейді әйелі. Осы сұрақты жиырма ретттен көп қайталған соң, жалығып:

      – Көрінбейсің, мен көріп тұрғам жоқ!.. – деп ашуланыпты.

      Сөйтіп, әлгі адам «жапырақтың көмегімен ешкімнің көзіне түспеймін, мені ешкім байқамайды» деп ойлап, әлгі жапырақты қолына ұстай салып базарға барыпты. Ол базарға барған соң, көзіне көрінген затты алып қойнына тыға беріпті. Оны дүкенші тез байқап қалады да көпшілік қуып жүріп ұстап алып, «ұрлық жасады» деп әкімшілік органға жауап алуға жіберіпті.

      Бұл көрінбейтін қоңызды білмейтін, тек көрінбейтін жапырақ пен көрінбейтін шөпті ғана білетіндерге қарата айтылған әзіл.

      Тағы бір қызық жәндік туралы айтуға тура келіп тұр. Жәндіктердің бұл түрін жұрт Юй (yu) деп атайды. Бұл өзі суда жүреді. Олар канализация мен кәріздерде өмір сүргенді ұнатады. Әдетте, ылғалды жерлерде кездеседі. Олар да тауықтар сияқты құм жейді. Тауықтар ас қорытулары үшін құм жесе, ал бұл жәндік құмды адамға зиян келтіру үшін жейді.

      Бұл адамдарға қалай зиян тигізуі мүмкін?

      Жәндік бір түйір құм жеп, су жағасында жатып, адамның келуін күтеді. Шын мәнінде, ол адамдардан өте қорқады, «адамдардың аяқ астына тапталып өліп қаламын ба» деп шошып жүреді. Ол адам келген заман аузындағы құмды оған қарай түкіріп қалады. Бұл жәндіктің күші өте аз, ал құмды өте алысқа түкіре алмайды. Оны адамдарға мүлдем жеткізе алмайды, кейде күннің көзі шығып тұрған кез болса, ол құмды адамның көлеңкесіне дәлдеп тигізеді.

      Ол түскірген құмға сәл қарауға да, көлеңкеге тиді екен деп салғырттық жасауға да болмайды. Бұл жай құм емес, жәндіктің аузынан шыққан құм. Бұл құм улы болады әрі коррозиялық өзгерістер тудырады. Ол адамның көлеңкесіне үлкен тесік қалдырады, яғни темекі тұқылының киімге тисе тесіп кеткені сияқты болады.

      Көлеңке «күйіп қалса», адам ағзасына ықпал ете ме?

      Әрине, адам бірден ауырып қалады. Ықпалы бар, менің