әр жерде тор құрып жатқан өрмекшілер мен тезектен доп жасап домалатып жүрген қоңыздарды кездестіреді. Олармен жиі сөйлесіп тұрады.
Бо-и бір жағынан жайылып, бір жағынан кішкентай жәндіктермен әңгіме-дүкен құрып, еш зерікпейді. Ол бір күні кіп-кішкентай ергежейлілерді кезіктіріп қалады. Олардың әрбірі саңырауқұлақтан үй жасап алыпты. Саңырауқұлақ үйлері тозған кезде олар оны жамағанға ерініп, жей салады екен. Олар тозған үйін, яғни саңырауқұлақтарды жеген күні тап бір мереке болғандай мәз-мейрам болады. Ергежейлілер оны жеп болған соң, басқа бір саңырауқұлақты үй қылып тұра береді екен.
Бо-и мұны бірінші рет көріп тұр. Өйткені бұрын оның көзі арқасында болған. Ол аспаннан басқа ештеңені көре алмайтын еді.
Күндердің бір күні бо-и қиындыққа тап болады.
Ол бір бұғымен жерге таласып қалады. Бұрын ол бұғыдан қорықпайтын еді. Екеуі соғысып қалған кезде мүйіздерін пайдаланатын. Өйткені екеуінің де мүйізі бар. Кейде тебісіп те қалатын. Бо-и тебіскен кезде алдыңғы аяғымен тебісетін-ді. Ол енді алдыңғы бақайына біткен екі көзіне зақым келмесін деп алаңдайтын болды.
Уайымдамауға да болмайды. Көзіне зақым келетін болса, ештеңе көрмей соқыр болып қалады ғой. Бо-и осыны ойлап тебіскенді қояды.
Сөйтіп, бо-идің жерін бұғы басып алады, бұл оған ауыр тиеді.
Бо-и басқа жер іздеп кетеді, ол сөйтіп жүріп баяғыдағы сиырға тағы жолығып қалады.
– Саған жайылым керек пе? Қарның аш сияқты ғой, – деп сұрайды сиыр.
– Иә. Менің жерімді жалмауыз бұғы тартып алды, – деп жыларман болады бо-и.
– Бұл жердің шөбі қалың, қалағаныңша жей бер, – дейді ақкөңіл сиыр.
Сөйтіп, бо-и сиырдың жерінде уақытша қалып қояды.
Бұзау бо-идің көзін таппай, оны қадағалай бастайды. Ол оның көзінің тұяғында екенін біліп алады. Бұзау енесінің қасына шауып барып:
– Бо-идің көзі неге тұяғына біткен? – деп сұрайды.
– Бо-и демей, ағай деп айт! – деп, сиыр бұзаудың сауырынан жалап қойып:
– Дүние кең, әркім өз таңдауымен өмір сүреді. Сен енді ағайыңның шөп жеуіне кедергі жасама, – дейді.
Шөп жеп тұрған бо-и сиыр мен бұзаудың әңгімесін естіп, еріксіз көзіне жас алады.
Ол Нюйваға тағы жолығуға бел байлайды. Бо-и мейірімді сиырмен, оның қызық бұзауымен қоштасып, жолға шығады.
– Сен тағы келдің бе?! – дейді Нюйва. Ол сол баяғы бес түсті тасты әлі ерітіп жатады. Ол бо-иден:
– Бұл жолы көздеріңнің қайда болғанын қалайсың? – деп сұрайды.
– Меніңше, артқы бақайда болғаны дұрыс сияқты. Мен алдыңғы аяғыммен тебісуім керек, – дейді бо-и.
– Жарайды, қайта бер, – дейді Нюйва.
Бо-и сиырдың мекеніне қайта барғысы келмейді. Сиыр оны қашанда жылы жүзбен қарсы алады, оның бұзауы да өзін ұнататынын біледі. Қанша дегенмен де, мекен солардікі. Ол бірден өз жеріне қарай тартады.
– Менен жеңіліп қалып едің ғой, ақымақ! Меннен таяқ жегелі келдің бе? – деп ақырады бұғы.
– Жайылымымды қайтар, қарақшы! – деп бо-и тебініп, бұғыға қарай тұра жүгіреді. Соғыс осылай басталып кетеді.
Бұл жолы бо-и алдыңғы екі