мен теңіздер классикасы: Батыстағы шөл дала» деген кітапта: «Шөл далада Фэнцзюйюймэнь деген тау бар. Бұл күн мен ай сол тауға барып батады. Сол жерде Линшань деген тау бар…» деп жазылған.
4. «Таулар мен теңіздер классикасы: Батыстағы шөл дала» деген кітапта: «Ол жерде Кунлунь деген тау бар, Нишуй өзені сол жерден бастау алады» деп жазылған.
Постскриптум
Бұл ертегінің басында бірталай жәндік туралы айтылды. Оның бұл ертегіге қатысы жоқ сияқты болған соң, көп тоқталмадық. Бұл бөлім «қызықсыз» жай әңгіме болғанымен, оны жазудағы мақсат – негізгі мәтінге көшу болатын.
Ежелгі қытайда адамдар ақшаны не үшін «цинфу» деп атаған? Оның өзіндік себебі болуы керек. Мен осы жайлы мәліметтерді іздестіріп жүріп, цинфудың ертегіде айтылатын кішкентай жәндіктерге ұқсайтынын білдім.
Мен жәндіктерге қызығамын, мысалы, кітап құрттары туралы бірқатар әңгіме жаздым.
Маған кішкентай цинфу мен оның анасының арасындағы махаббат қатты әсер етті. Олардың арасын жалғап тұрған «көрінбейтін жіп» – махаббат. Жәндіктердің өзі осындай махаббатпен туады, оған қарағанда біз адам емеспіз бе? Сол себепті біздің бірбірімізге деген махаббатымыз бұдан да берік болуға тиіс.
Сүйіспеншілік болса, бәрі де жақсы болады.
Аналы-балалы цинфусыз да ақша табу мүмкін. Ақшаны айналымға салу керек. Ақша айналымда жүріп пайда әкеледі. Ол бұлақ сияқты ағып жатуы керек. Сол себепті Қытайда ертеде ақшаны «цюань» (бұлақ) немесе «цинфу» деп атаған екен.
Мұны байлыққа деген көзқарас немесе қаржылық білім дейміз бе?
Тасбақаның шығу тегі туралы ертегіні мен өзім ойдан құрастырдым.
Бұл түрлердің шығу тегі туралы ертегі болып саналады.
Бо-и
Бұрынғы заманда қойды «қой» демей, «бо-и6» деп атапты.
Бо-и-дің тоғыз құйрығы, төрт құлағы бар екен. Ал оның көзі арқасында орналасыпты. Тоғыз құйрығы, төрт құлағы ештеңе емес, тек әлгі көзі қиын болыпты. Өйткені бо-и алдыңғы жақты көре алмай, тек аспанды ғана көре алатын.
Қаз бауыр бұлттар сонау көкжиекте қаз-қатар қонақтап қалған. Зеңгір көк аспан мөп-мөлдір. Көк аспандағы құстар емін-еркін қалқып жүр. Бірақ аспанды тамашалап бір орында тұра беруге болмас! Өйткені бұлттар көшіп, құстар қалықтап ұшып барады. Сол себепті бо-и де жан-жақты көргісі келеді. Бірақ оның көзі арқасында болғандықтан, жолды көре алмайды. Ақырын алдыға қарай жылжып, тарс етіп ағашқа соғылады. Тарс етіп тасқа ұрылады. Тағы тарс ете түседі.
– Мұның не? Менің бұзауымды емізіп тұрғанымды көрмедің бе? – деп, бұзауын емізіп тұрған сиыр айғайлап жіберді.
– Апа, мен қорқамын, – деп, бұзау енесінің артына тығыла беріп:
– Ол соқыр екен, – деді. Сиыр бұзауына:
– Балам, қорықпа, мен қасыңдамын! – деді де, бұрылып бо-и-ге қарап: – Кешірші, мен сенің көзің көрмейтінін білмедім… – деп кешірім сұрайды.
Бо-и аспаннан көзін алмай:
– Мен соқыр емеспін, көзім бар, көзім арқамда, – деп жауап береді.
– Көзің арқаңа