Тажис Мынжасар

Шежірем сыр шертсе


Скачать книгу

одан–Тілік, Ойық деген ұрпақтар дүниеге келді. Оның ішінде Ойықтан Қызылқұрт, Аузыүсіген (Жанкөз), Көкшекөз, Сәтек аталары өрбіді.       Сары бәйбіше Нұриланың толғағы ұстап жатқанда көреалмаушылықпен арнайы адам жіберіп, егер ұл туар болса нәрестені білдірмей өлтіруді тапсырады. Ол жіберген адамы нәрестені құрсақтан шығарып аларда басын қатты қысып, жарып жібереді. Бірақ құдайдың құдіретімен бала бәрібір тірі, аман қалады. Азан шақырып қойған аты Тілеуберді болғанымен ол кейін басының жарықтығына байланысты Жарықшақ деп аталып кетеді. Бір деректерде шамамен 1398–1475 жылдары өмір сүрген делінеді.

      Нұрила ананың тегін адам болмағандығы аңыз әңгімелерде де айтылады. Ұлына пәленің қайдан келгендігін тез аңғарған оның наза, наразылығы ізсіз кетпейді. Сары бәйбішенің 9 ұлы бір шайқаста түгелдей опат болады. Әулетінің бұл тармағы тұқымсыз қалмауы үшін Бәйдібек баба құдайы шалып, сол үлкен жиында жалғыз қызы Алтыннан (Байтоқты) туған бір жиеніне ақсақал, жұрттың келісімімен жілік ұстатып, бата бергізіп, өзіне бала қылып асырап алады. Азан шақырып қойған аты Сыйлықсары болғанымен жұрт оны лақап атымен кейін Сарыүйсін атап кетеді.

      Ендігі бір деректер нағашы жұртында өскен оны Ұшан деп те таратады. Бәлкім еркелетіп қойылған атау болуы мүмкін. Аңыз бойынша, Сарыүйсіннің әкесі бір талас-тартыстан кейін жұртына өкпелеп, үйсіндердің арасына көшіп барып, Бәйдібек бабаның қызын алған кіші жүз руының бірінен деген де болжам бар. Салт-дәстүрге берік қазақ қайсыбір отырыста болмасын мал басын алдымен Жалайырға ұсынып, ал ол болмаса, кезекті Сарыүйсінге беріп жүр.

      Бәйдібек баба 1419 жылы қайтыс болып, бүгінгі Оңтүстік-Қазақстан облысына қарасты Бала Бөген деген жердегі Дөңгелек төбенің етегіне жерленеді. Соңғы жылдары ұрпақтары басына күмбездеп үлкен ескерткіш орнатты.

      Нұрила ана 1424 жылы есейген ұлы Жарықшақты нағашысы Моғолстан ханы Уайсқа алып келіп таныстырады. Уайс хан Жарықшақтың терең білім алуына көмектесіп, Ташкент қаласындағы бір мешіттің имандылығына тағайындайды. Кейін Ташкент шаһарының әміріне кеңесші етеді. Соңынан оның бүкіл Жетісуды билеуіне көмектеседі. Жарықшақ оны ұзақ жылдар билейді. Сонда жүріп, Парсы сияқты үлкен мемлекетпен халықаралық қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосады, сөйтіп ел билеу ісінде айтулы дарындылық танытып, зор даңқа ие болады.

      Жарықшақтың екі әйелі болды. Бәйбішесі Тәуекелбибіден Албан, Суан туылды. Ал кіші әйелі, қожаның қызы Бибіфатимадан Дулат дүниеге келді. Ол көне түркі деректерінде Дулу, ал парсы жазбаларында Дуглат, Дукулат деп аталды. Қызайымынан туғандары өз жұртында қызай-наймандар деп аталып кетті.

      Дулат Бұхараның Дәрілфі медресесінде дәрістеп, үлкен білім алады. Іле алатауына қарасты алқаптарды билеу мұра ретінде еншісіне тиді. 1452 жылы Есенбұға ханның көмегімен әкесінің орнына бүкіл Жетісуды билеуге қолы жетті. Бірақ анасының кеңесімен Жетісудың шығыс бөлігін бауырларына бөліп беріп, ал өзі оның тек батыс бөлігін ғана биледі. Дегенмен