Тажис Мынжасар

Шежірем сыр шертсе


Скачать книгу

Ол кешегі өздері болмаса да әкелері куә болған, бабаларынан мирас боп айтылып, жазылып қалған Шыңғысханның "Ясысы" сияқты ел, ұлыс басқару жүйесінің ілім-тәлімдері мен тәжірибелері ме дейсің.

      Бұл айтқандарымызға Қазақ Совет энциклопедиясындағы «Майқы би» мақаласынан қосарымыз: «М.б. қазақ руларын үш жүзге ( «Жүз»–арабша «бөлік», «бөлім») топтап, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Қабанұлы Болатқожа бастаған бөлікті Орта жүз, Қоғамұлы Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атады. Ноғайлы хандарының бірі, Қызыл Арыстанның баласы Ахметті (Алаша хан) Ұлытауда үш жүздің ханы көтерді (қ. Жүз). Ол ұлысқа кірген 40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың негізгі ерекшелігіне қарай белгіледі. Ұлыста бірінші туды ұстаған Үйсінге «Жалау», ортада жүретін Арғынға «Көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «Найза» таңбасын берген. 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Таңбалы тас–«Майқы таңбасы», кейін жер атымен «Нұра таңбасы» атанған. …М.б-ді өзбек, татар, башқұрт, қарақалпақ халықтары да өз биі деп есептеді. Бұған Төбе бидің Қойылдыр, Мекре есімді балаларының осы халықтар арасына барып,сіңісіп кетуі себеп болса керек»,– деген кейде ішінара аңыздардан да алынғандары бар ақпар, мағлұматтар (Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. 1975 ж. 7 т. 383–384 б.б.).

      Қызығы–осы көне шежірелерде кездесетін қазақ, ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз сияқты термин, атау, ру белгілері күні бүгінге дейін өзгерместен осы аталмыш жүздердің ұран, таңбаларымен сәйкес келетіндігі. Мұндай ұқсастықты көне жазбалардан молынан ұшыратуға болады. Ұшырата отырып, Майқы би әріде емес, күні кеше, Шыңғыс ханның кезінде-ақ билігін пайдаланып, Дешті Қыпшақ жерінде бұрынғы қазақ ру, тайпаларынан мемлекет, хандық түрінде болмаса да жер жапсары мен жұрт тіршілігіне орайлас жүздерге бөлінген, бір кездегі Қазақия тәрізді ұлыстық әкімшілік-басқару жүйесін құрып, оларға байырғы қазақ атын қайта жаңғыртып, қайырып бергісі келгендігін байқайсыз.

      Жаңғыртып ғана қоймай, оны біржолата орнықтырып, қалыптастыру үшін қолынан келгеннің бәрін істеп баққанын көресіз. Осы ретте оны болашақ қазақ мемлекеттігі мен ұлттығын қалыптастыруға, оның алғы шарттарын жасап, іргетасын қалауға үлкен үлес қосқан данышпан дала көсемдерінің бірі ме дейсің. Майқы бидей көсемдердің осынау тірліктеріне қарап, «Қанына тартпағанның қары сынсын» деген ежелгі мәтел еріксіз есіңізге түседі.

      Оның іскер тірліктері, тарих көрсетіп отырғандай, ол өлгеннен кейін жалғасын таппай, тоқтап қалған жоқ. Оның таудан аққан бұлақтың бұлау күшіндей елдікті, тәуелсіздікті, еркіндікті аңсаған өсиеттерін әрі қарай ұрпақтан ұрпаққа аманаттай аңыз етіп жеткізуші Бұқар, Асандай ақылгөй жыршы, жыраулар ел арасынан шығып жатты. Олар Керей менен Жәнібек сынды сұлтандар мен оларға бағынышты ұйымдасқан қалың жұрттың жігерін қайтпас күреске қайрақ тастай жанып, білеп келгендіктері белгілі.

      Қазақтар «жүздік» әкімшілік-басқару жүйесіне ресми түрде негізінен Қасымханұлы Ақназар ханның тұсында көшірілді. Қазақстан