өрбитін ұлан Шахтыбай Жобалайбекұлы Байғанов басқарады.
Зауыт қабырғасы көтеріле бастаған сонау 1977 жылдан бүгінге дейін қатарымызда қажырлы еңбек етіп келе жатқан, зауыттағы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының бірден-бір лауреаты, 1983 жылдары зауыт жұмыскерлері арасынан алғаш болып "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған, біраз жылдардан бері цех бастығы болып істейтін дастарқандас дос-жолдасымыз Сәлімбаев Сәкенғали да осы жұрттың өкілі. Жақсы, жақын білетіндерім жайлы ғана айтып отырмын.
Ал енді көне Дешті-Қыпшақ жерін мекендеген қыпшақтарға келер болсақ, оларды көптігіне орай "90 баулы қыпшақ" дейді. Қазақ Совет энциклопедиясынан:"Қыпшақ (Европада–кумандар, Россияда–половцы) – қазақ халқының құрамына енген ежелгі ірі тайпалардың бірі. …Араб, парсы зерттеушілері сол кезде Қ-тарға бағынған түрік тайпаларының бәрін Қ. деп есептеген. …Шежірелердің көбі Қ. руларын былай ажыратады: Қ-тан Сүлімалып, одан Көбекалып (Ақ Көбекалып), одан Мүйізді, одан Сарыабыз. Осы Сарыабыздан бес таңбалы Қ. (Бұлтың, Торы, Ұзын, Көлденең, Қарабалық) өсіп-өнген… М.Мұқановтың айтуынша, Сарыабыздан Қарақыпшақ, Қытайқыпшақ, Құланқыпшақ, Торықыпшақ рулары тараған…
Қ. сөзінің шығуы жайында әр алуан жорамал, аңыздар бар. Мыс., Рашид ад-Дин Қ. сөзін "қабуқ" (қабық, іші бос қуыс ағаш) деген ұғымнан пайда болған дейді. Оғыз қаған бір жорықтан қайтып келе жатқанда, ағаш қуысында жаңа ғана босанып, ұл туған әйелді кездестіреді де, ұлды асырап алып, атын Қыпшақ қояды. Өскесін Қ. атақты батыр, қолбасшы болып, ел билейді. Одан тараған ұрпақтар Қ. аталып кетеді. …Бірақ мұның бәрін мәселенің толық ғылми шешімі деуге болмайды. …Қ. тарих сахнасына Ертіс бойында өмір сүрген Қимақ мемлекетінің (9–11 ғ.) ыдырауына байланысты шықты…
Ол тұста Қ-тар Орта Азияны, әсіресе Сырдария бойын, Еділ мен Дон арасын, Кавказ бен Қырым тауларын, Солт. Каспий даласын, қазіргі Қазақстанның орт. аудандары мен солт. бат. аймағын жайлады. Бүгінде олар көбіне Ақтөбе, Қызылорда, Оңт.-Қазақстан облыстарында шоғырланған…
Қ-тар ұраны–Ойбас, таңбасы–екі тік сызық ІІ (қос әліп)",– деген жазу жолдарын оқуға болады (Алматы. 1975 ж. 7 т. Қыпшақ. 102–104 б.б.).
Қыпшақтар Орта жүз құрамындағы тайпа. Олардың аталарын өзбек халқы сияқты өзге түркі жұрттарының ішінен де молынан ұшыратуға болады. Қарақыпшақ сапынан аты жыр, аңыздардан жақсы белгілі атақты қарақыпшақ Қобыланды батыр мен оның 12-буыны – есімі әліге дейін ел аузынан түспейтін, аты әлемді дүркіреткен әйгілі палуан, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасов шықты.
Ал қоңыраттарға келер болсақ, ол–қаһарымен төрткүл дүниені тітіреткен, жер-жаһанның жартысын жаулап алушы әйгілі Шыңғысханның анасы Аяулым мен әйелі Бөрте дүниеге келген, сондай-ақ аты көне қиссалардан ертеден-ақ елге белгілі атақты Алпамыс батыр тарайтын көне ру. Қазақ Совет энциклопедиясында: "Қоңырат–Орта жүз құрамындағы тайпа. Қазақ шежіресі бойынша, Көтенші, Көктіңұлы деген екі бірлестікке бөлінеді. Көтеншіден Саңғыл, Сүйімбай, Сүттібай, Аққошқар, Амантай, Жаманбай;