Әлия Масалимова

Мәдени антропология


Скачать книгу

табуға болады. Бұл жағдайда бар-лық индивидтерге тән ортақ нәрсе ол – белгілі бір «тип». Шпет пікірінше, психологиялық этнография этнологиядан қоғамдық құбылыстардың классификациясын қолдана отырып: «Халық осы дәуірде белгілі бір оқиғаны қалай қабылдайды? Ол нені ұнатады, неден қорқады, неге табынады?»10 деген сұрақтарға жауап беруі керек.

      Көптеген зерттеушілер тілді этнопсихологиялық ерекшеліктердің негізі деп оның ролін абсолюттендіріп жіберді. Тіл мағынасының гиперболизациясына қарсы шыққан және этно-психология пәнін мүлде өзгеше қырдан көрген В.М. Бехтерев болды. Ол өзінің алдындағы ғалымдардың зерттеу пәні мен түсініктік аппаратын, «халық рухы», «халықтың сезімі» жөнінде айта отырып, субъективизмге жақын болғандарды қатаң сынға алды. Орыс ғалымы кез-келген халықтың биологиялық жолмен берілетін өзіндік темпераменті мен ақыл-ой дамуының ерекшеліктері бар деп есептеді. Ал халықты сипаттайтын қалған қасиеттер олардың жалпы қоғамдық құрылымына байланысты әрі соның негізінде өзгеріп отырады.

      20 ғасырдың 20-жылдары этникалық психологияның мәселелері мәдени-тарихи мектептің назарына іліге бастайды. Аталмыш мектептің негізінде танымал ғалым Л.В. Выготский тұрды. Мәдени-тарихи концепцияға сәйкес Ресейде ұлттық қауымдастықтардың психологиясы бойынша ғылыми-жұмыстың бағдарламасы жасалды. Оның мақсаты-психикалық үрдістердің этникалық ерекшелігін білдіретін ұлттық ортаны, оның құрылымын, динамикасын зерттеу болып табылады. Өкінішке орай, бұл экспедицияның материалдары тек қырық жылдан кейін ғана жарияланды. Өткен ғасырдың 30-жылдарынан бері Ресейде этнопсихология мүлде болған жоқ, оның жандауы тек сексенінші жылдардың соңында ғана басталды.

      Бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.

      1. Психоаналитикалық теорияның мәні.

      2. З. Фрейд психоанализіндегі мәдениет.

      3. К. Юнгтың мәдениет концепциясы.

      4. «Мәдени архетип» дегеніміз не?

      5. Неофрейдизмнің негізгі идеялары.

      6. Қазіргі батыстық психологиялық антропологияның концептуалды ұстанымдары.

      7. «Мәдениеттің таратушы моделінің» мәні.

      8. Ресейдегі этнопсихологияның даму ерекшеліктері.

      1.3.2. Социологиялық теория. Ойын теориясы

      Қазіргі таңдағы көңіл аударуға тұрарлық мәдениет теорияларының бірі – социумда үнемі басым болатын, іріктелген қоғамдық топтардың бар екендігін дәлелдейтін және соны мойындайтын элита теориясына, қоғамдық-философиялық және мәдениеттанулық концепцияларға негізделген социологиялық концепция болып табылады. Аталмыш концепцияның алғашқы теоретигі ретінде идеалды мемлекет идеясымен Платонды атауға болады. Алайда элитарлы концепция көзқарастарының жүйесі ретінде тек 20 ғасырда қалыптасты. Аталмыш концепцияның аса танымал теоретиктері Г. Моске, В. Паретто, Т. Элиот және т.б. болып табылады.

      Испандық философ Х. Ортега-и-Гассет өзінің «Бұқара көтерілісі» (Восстани