Әлия Масалимова

Мәдени антропология


Скачать книгу

анықталмайды, сонымен қатар олардың өздерінің қандай болып келетіндігімен анықталады, ал екеуінің де қалыптасу негізі мәдениет болып табылады.

      Бақылау және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.

      1. Мәдениетті анықтау мақсатында түрлі жолдардың, бағыттардың, мектептердің көп болуының себептері?

      2. «Культура» сөзінің этимологиясы?

      3. А. Кребер және К. Клакхонның мәдениетті анықтаудағы классификациялары.

      4. Мәдениеттің негізгі сипаттарына тоқталып өтіңіз.

      5. Мәдениеттің тіршілік ету түрлеріне сәйкес оның құрамдас бөліктерін атаңыз.

      6. Жазбалары жоқ мәдениеттердегі қоғамның мәдени қорын сақтау жолдары.

      7. Жазылған құқықтың жазылмаған құқықтан айырмашылығы неде?

      8. «Мәдениет» және «өмір сүру образы» түсініктері арасында қандай байланыс бар?

      1.2.2. Мәдениеттің қоғамдағы құрылымы және қызмет-тері

      Мәдениет тек іс-әрекеттің қалыптасқан, тұрақты стандарттары мен мінез-құлықтың стереотиптері, адамдардың қарым-қатынасының алуан түрлі жолдары негізінде қалыптасады. Адамзат қоғамының өміршеңдігінің әмбебеп технологиясы ретінде мәдениет өзінің құрамдас бөлігі ретінде қоғамдық деңгейдегі материя құрылымына тән ерекше басқару және реттеу технологиясын қамтиды. Бұл технология қоғамдық бірлік үшін маңызды және оның мүшелерінің іс-әрекетін анықтайтын ұрпақтан ұрпаққа берілу барысында сақталып, жинақталып отыратын жеке тұлғадан жоғары тұратын ақпараттар жүйесі негізінде құрылады.

      Жалпы ақпараттық қор – бұл мәдениеттегі қоғамдық тәжірибеде көрініс тапқан, жеке тұлғадан жоғары тұратын қоғамның рухани жиынтығы. Ол өз кезегінде көптеген тұлғалардың жекеленген тәжірибесінің қоғамдық мақсатта іріктеліп шыққан және осы бірліктердің кеңістік пен уақытта таралуының нәтижесі. Басқаша айтар болсақ, бұл кең мағынадағы мәдени бейімделудің жемісі және нәтижесі болып табылады.

      Мәдениет тіршілігі үшін оның генезисінің қалыптасуында және белсенді қызметі үшін маңызды фактор болып табылатын дәстүрлер механизмі аса қажет. Қоғамның рухани қоры жалпы оның жеке тұлғамен тығыз қарым-қатынасқа түспей, оның психикасына енбей, ал ол арқылы қоғамдық іс-әрекеттің мазмұны мен жүзеге асыру жолдарына енбей тіршілік етуі мүмкін емес. Қоғамдық тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа берілуі (трансляциясы) мәдени дәстүр механизмінің бір бағыты болып табылады.

      Қоғамның жалпы ақпараттық қорын анықтауда Я. К. Ребане «қоғамдық жады» (память) түсінігін ұсынды 5.

      Қоғамдық жады – бұл ақпараттық қатынаста жеке тұлға және қоғамдық танымның қызмет етуінде және дамуында негіз болып табылатын тәжірибелік және танымдық іс-әрекет нәтижесінің ерекше қоры болып табылады.

      Қоғамдық жады – ұрпақтан ұрпаққа берілетін білім, іс-шаралар, біліктілік саласынан әлдеқайда кең түсінік. Бұл құбылыстың екі аспектісін бөліп көрсетеді:

      n