қанағаттандыру мақсатында игіліктерге қол жеткізу мағынасын білдіретінін айта кету қажет. Сонымен қатар Фрейд теориясы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, әсіресе игерілген игіліктерді бөлуді реттейтін институттарды да қамтиды. Басқаша сөзбен айтқанда, мәдениет бір жағынан адамды сыртқы ортаның факторларынан қорғап, табиғат игіліктерін игеруге және оларды адамдар арасында бөлуге үлесін қосады, ал екінші жағынан, мәдениет адамды оның қалау-тілектерінен айырып, оған ауыртпалық түсіреді.
Жалпы психоанализ теориясы өз саласындағы бірден бір теория болмаса да, адам психикасын тануда және оның терең қырларын ашуда, сонымен қатар адамзат қоғамның дамуын түсінуде маңызды қадам болды. Ол өзінің көптеген жақтастарын тапты. Қазіргі замандағы психоаналитиктердің барлығы дерлік өз зерттеулерінде Фрейд еңбектерін қолданады.
Швейцариялық психолог, психоаналитик, мәдениет зерттеушісі, Фрейдтің дарынды шәкірттерінің бірі, кейіннен оның қарсыласы болған Карл Густав Юнгтың концепциясына сәйкес, мәдениеттің қалыптасуында адамдардың образдарын, ойларын, сезімдерін қалыптастыратын; миф, ертегілер, аңыздарда көрініс тапқан ұжымдық жадыны сақтайтын уақыттық жүйелерден тыс мәдениеттің архетиптері (қоғамдық бейсаналылықтың психикалық құрылымдары) негізгі роль атқарады.
К. Юнг сексуалдылық теориясын теріске шығарып, либидо түсінігін тұлғаның психикалық үрдістерінің белсенділігін анық-тайтын және мәдениет пен өркениет дамуының психоэнергетикалық негіздерін анықтайтын психикалық энергия деп түсіндіреді. Швейцариялық ғалымның ойынша, халықтардың өмірі психологиялық заңдарға бағынады, ал халықтың жаны жеке тұлғаның күрделенген жанының құрылымы. Тек сана мен бейсананың үйлесімділігі ғана сау және рухани бай тұлғаларды қалыптастырып, қауіптің алдын алады. Рухани мәдениет және шығармашылық бейсана шарттарға негізделеді. Шығармашылық үрдіс архетипті бейсаналық жандандыру мен оны ашудан, оның толық аяқталған өнер туындысына дейін көтеруден тұрады.
Жиырмасыншы ғасырдың ортасында жаңа – неофрейдизм бағыты қалыптасады. Неофрейдизм негізін қалаушылардың бірі Эрих Фромм, өз ілімінде З. Фрейд пен К. Маркс концепция-ларын біріктіреді. Оның зерттеулерінде адамның өмірінің мәні және оның әлемдегі орны жөніндегі түсініктің өзгеретіні және «қоғамдық мінез-құлық» түсінігінің үлкен маңызға ие болатын-дығы жөнінде айта кету қажет.
Ғалымның ойынша, адамзат тіршілігінің ерекшелігі, оның өзге тіршілік иелерінен айырмашылығы оның санасы мен өзіндік ой-санасының болуында. Олар адамды «осы әлемде» бейтанысқа айналдырып, қорқыныш және жалғыздық сезімдерін туындатады. Адам мен табиғат арасындағы шынайы қарым-қатынастардың үзілуі адамзат тіршілігінің негізгі мәселесіне айналып, экзистентальді қарама-қайшылықтарға алып келеді.
Фромм адам мен қоғамның өзгеруінің толық бағдарламасын жасап шығарады. Ол бойынша адамның мінез-құлқының өзгеруінің себебі доминантты ұстанымнан болмыста билік жүргізу ұстанымына ауысуы, сонымен қатар басқарудың бюрократиялық жолын гуманистік жолмен алмастыру.
Егерде психологиялық антропологияның қазіргі