бастау алып, табыну, өсіру, қол астына алу, құрметтеу, тұрақтану (населять) деген мағыналарды білдіреді. Бұл мағыналардың бір бөліктері уақыт өте келе жеке терминдерге айналады, мәселен, значение «населять» латындық colonus сөзіне айналады, орыс тілінде – колония. «Почитать» – «құрметтеу», «поклоняться» – «табыну» – латындық cultus, яғни культке айналады. Ағылшын тілінде cultura сөзі алғашында – «даму», «өсіру» деген мағыналарды білдірді. Көне француз тілінде cultura – couture сөзіне ауысып, кейінірек мүлде өзге мағынаға айналады.
Басқаша сөзбен айтсақ, өзінің барлық сөздік қолданысында cultura бір затты өсіру (культивирования), әдетте, өсімдіктер мен жануарларды өсіру үрдісін білдірді. В. Дальдің Түсіндірме сөздігінде назар аударып көрейік (19 ғ.), сөздікте культура – «өңдеу және байыппен қарау, жөндеу, білім, ой-өріс және ізгілік деген мағыналарды білдіреді». Осылайша, «культивировать» сөзін өңдеу, жөндеу, қалыптастыру деген мағынаны білдірді.
«Мәдениет» сөзінің қазіргі мағынасына жақын қолданылған мағынасы алғаш Цицерон еңбектерінде (б.з.д. 45 ж.) философияның адам санасына тигізетін ықпалын білдіру үшін қолданылды. Ойшыл «сана мәдениеті – философия» деп есептеген. Қазіргі таңда «мәдениет» сөзі әлемдік халықтардың барлық тілдерінде кездеседі және ғалымдардың есептеуі бойынша мәдениет түсінігінің анықтамалары 400-ге жетеді.
Сөздік қолданысында «мәдениет» түсінігіне әдетте бағалаушылық сипаттама беріледі, мәдениет белгілі бір деңгейге ұмтылу ретінде қарастырылады. «Мәдениет» түсінігіне бағалаушылық мағына беру әрекеті нағыз адамға лайықты және оның дамуына сай өмір сүру образын мәдениетпен байланыстырған 18 жастан басталады.
Бұл көзқарас тұрғысынан мәдениет негізінен құндылықтық немесе аксиологиялық деп сипатталады. Алайда, аталмыш әдіс сонымен қатар, қоғамдық құбылыстарды субъективті талқылауға алып келеді (мысал ретінде еуропоцентрлік көзқарасты келтірсе болады).
Көптеген өмірлік құбылыстар арасында мәдениетті бөліп көрсету мақсатында мәдениетке тән ортақ өлшемді қарас-тыру барысында бірқатар зерттеушілер бірінші орынға адамның шығармашылық бастауларын қояды, осылайша «мәдениет» шығармашылық ретінде және «мәдениет емес» механикалық іс-әрекет ретінде екіге бөлінеді. Білгілік жүйелер ретінде қарастыруға болатын мәдениеттің тіл, әдебиет және өнер тәрізді формалары тағы бір – семиотикалық әдіске алып келеді. Бұл әдіс мәдениетті оның мағынасын ашуды қажет ететін білгілер жүйесі ретінде қарастырады.
Мәдениет теориясын зерттеушілер А.Кребер және К.Клак-хон мәдениеттің көптеген анықтамаларын төмендегі жолмен топтайды3:
1. Сипаттамалық анықтамалар Э.Тейлордың мәдени антропологиясының концепциясынан бастау алады. Оның мағынасы: мәдениет – адамзат баласының жалпы іс-әрекетінің нәтижелері; салт-дәстүрлері, сенімдері және т.б. Адам баласы ғасырлар бойы қалыптастырған жалпы алтын қор ретінде мәдениетке жататындар: кітаптар, суреттер, білім; қоғамдық және қоршаған ортаға бейімделу жолдары; тіл, дәстүр, этикет, этика, дін.
2. Тарихи анықтамалар алдыңғы ұрпақтан қалған мұралар мен дәстүрдің роліне басым назар аударады. Бұл анықтама тұрғысынан мәдениет – тарихи