Коллектив авторов

Экономикалық ілімдер тарихы


Скачать книгу

оның тарихи құрамдас бөлігін де талдаймыз; ретроспективтік көзқарас тек әртүрлі елдердегі концепциялардың экономикалық тарихының ерекшеліктерін ғана анықтап қоймай, сондай-ақ тарихи жағдайларға, этнографиялық және құқықтық ерекшеліктерге, дүниетанымның әр түрлілігіне қарамастан, шаруашылық жүйелердің жалпы қызмет ету алгоритмін анықтайды;

      – төртіншіден, негізгі және жүйе құраушы элемент ретіндегі монизм қағидасы; экономика туралы әр түрлі дәуірлердегі пікірлердің, ұғымдардың көптүрлілігі бір өлшем – дамудың жалпылығы арқылы талданады, сондықтан экономикалық ілімдердің тарихы ұлттық сипаттан жоғары тұрады.

      Әрине, экономикалық ілімдер тарихының мәнін екі құрамдас бөліктер – қоғамдық ұдайы өндірістің тарихы және гносеологиясы құрайды, және нақ осылар экономикалық ілім жүйелерін кезеңдеудің өлшемдерін анықтайды. Дәстүрлі негізгі өлшем ретінде қоғамның әлеуметтік құрылымы саналады, бұл өлшем таптық ұстанымда, сәйкесінше, таптық қоғамның әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарын қарастырады. Оның үстіне адамзат тарихын қоғамдық-экономикалық формацияларға бөлу – уақыт бойынша тарихи бірізділікке сәйкес келеді, бұл талдауды жеңілдетеді. Кезеңге бөлудің таптық өлшемінің кемшілігі – айқын көрінетін әлеуметтік доминант болып табылады, ол әлеуметтік бейтараптық жағдайында қалып, экономикалық даму мен өркендеудің құрамдастарын әділ, бейтарап қарастыруға мүмкіндік бермейді.

      Таптық өлшемге шамадан тыс бой алдыру көбінесе қандай да бір шаруашылық жүйенің мадақталуына немесе «экономикалық мифтік шығармашылыққа» әкеледі, бұл әрине, әрі экономикалық теорияны бұрмалайды, әрі оның даму ауқымын тарылтады.

      Экономикалық ілімдер тарихын кезеңдендірудің қазіргі өлшемдерінің ерекшелігі

      Қазіргі уақытта экономикалық ілімдер тарихын кезеңдендірудегі үстем өлшем өркениеттік ұстанымға негізделеді. Ол экономикалық ілімдерді даму кезеңдері, мектептері және бағыттары бойынша құрылымдауға және оларды таптық ұстанымнан тыс бағалауға мүмкіндік береді. Осы өлшемнің материалдық негізі қоғамның технологиялық дамуы болып табылады, ол үш сатыда жүреді: индустриалдық шаруашылыққа дейінгі кезең, индустриалдық қоғам кезеңі және постиндустриализм дәуірі.

      Осы тұрғыда экономикалық ой-пікірлердің барлық тарихы келесі кезеңдерден тұрады:

      экономика ілімінің сараланбаған кезеңі (XV ғ. дейін). Индустриалдық дамуға дейінгі кезеңде экономикалық құбылыстар туралы фрагменттік түсініктер, жалпыға ортақ өзара байланыстар (ақша, айырбас, салықтар, тауар айналымы және т.б.) туралы ішінара білім қалыптасты. Олар болашақ экономикалық жүйенің қайнар бастаулары болды;

      – алғашқы жалпы экономикалық идеологияның қалыптасу кезеңі (ХV-ХVІІ ғ.ғ.). Бұл кезең индустриализмге дейінгі кезең жағдайындағы жекелеген экономикалық мәмілелерден экономикалық қатынастарды реттеудің алғашқы механизміне өтумен сипатталады, бұл меркантилизм идеологиясында көрініс тапты. Меркантилизм