дұрыс жауабы жоқ.
5. Экономикалық ілімдер тарихының нысанын көрсетіңіздер:
A. экономика тарихы;
B. өркениет тарихы;
C. экономикалық ойлар тарихы;
D. саяси даму тарихы;
Е. экономикалық идеология тарихы.
6. ХХ гасырдагы экономика ғылымының дамуына сәйкес келмейтін экономикалық теория бағытын белгілеңіз:
A. неоклассикалық мектеп;
B. кейнсиандық бағыт;
C. неолиберализм;
D. физиократизм;
Е. марксизм.
7. ХХ ғасырдағы экономика ғылымының дамуына сәйкес келмейтін экономикалық теория багытын белгілеңіз:
A. неоклассикалық мектеп;
B. кейнсиандық бағыт;
C. неолиберализм;
D. марксизм;
Е. меркантилизм.
8. Тарихи-экономикалық әдебиетте қандай оцига «багалар төңкерісі» деп аталды:
A. 1929-1933 ж.ж. «Ұлы Депрессия» жылдарында бағаның құлдырауы;
B. 1973-1975 ж.ж. дағдарыс кезінде мұнай мен одан өндірілетін заттарға бағаның қымбаттауы;
C. азаматтық соғыс салдарынан Солтүстік Америкада бағаның өсуі;
D. алтын мен күмістің келу нәтижесінде ХVІ-ХVІІІ ғ.ғ. Еуропада баға деңгейінің артуы;
Е. дұрыс жауабы жоқ.
9. ХХ ғасырдағы экономика ғылымының дамуына сәйкес келмейтін экономикалық теория бағытын белгілеңіз.
A. тарихи мектеп және кейнсиандық бағыт;
B. маржинализм мен тарихи мектеп;
C. институционализм мен кейнсиандық бағыт;
D. институционализм мен монетаризм;
Е. монетаризм мен маржинализм.
10. Тарихи-экономикалық әдебиетте қай кезең «кейнсиандық ғасыр» деп аталады?
A. 1900-1930 жылдар;
B. ХХ ғ. бірінші жартысы;
C. ХХ ғ. екінші жартысы;
D. ХХ ғ. 40-70 жылдары;
Е. ХХ ғ. соңғы ширегі.
ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Ежелгі дүниедегі экономикалық ой-пікірлер
Экономикалық ой-пікірлер ерте әлем кезінен, яғни алғашқы мемлекеттер құрылған кезде пайда бола бастады. Содан бері және қазіргі уақытқа дейін экономикалық теорияның қалыптасуы және даму үрдісі жүруде. Сонымен қатар экономикада, ғылымда, техникада және мәдениетте болып жатқан өзгерістер шегінде экономикалық теория да жаңарып, жетілу үстінде.
Өркениет тарихында бірінші болып б.э. дейінгі 7 мыңжылдықта дами бастаған ерте шығыс қоғамдары дамыды, ал Еуропа өркениеті кейіннен, б.э. дейінгі 2-3 мыңжылдықта дамыды. Осы өркениеттердің әлеуметтік-экономикалық типтері айтарлықтай ерекшеленеді. Шығыста көлемді ирригациялық жүйе құру және қолдау қажеттілігіне байланысты еңбектің қоғамдық ұйымдастырылуы шешуші рөл атқарды. Жерге мемлекеттік меншік, орын алды бірақ мемлекет жер иеленушілер және диқаншы қауыммен есептесті, ал жеке меншік шаруашылықтар бағынышты сипатта болды. Еңбектің ұжымдық түрлерінің жетекші рөлі, натуралдық шаруашылықтың басымдығы, еңбекшілердің мемлекетке аса жоғары тәуелділігі диқаншы қауымының тұрақтылығына әкелді. Экономикада мемлекет қызметінің ауқымдылығы және мемлекеттік меншіктің жетекші рөлі өндірістің ерекше – азиаттық тәсілінің негізіндегі өлшемдер болды.
Антикалық