Коллектив авторов

Экономикалық ілімдер тарихы


Скачать книгу

болып есептеледі. Оның еңбектерінде экономикалық көзқарастары, атап айтқанда «әділетті баға» мәселесі ерекше орын алады. Ойшылдың пікірінше, әділетті баға екі талапқа сай болуы керек. Біріншіден, ол «еңбек және шығындар» мөлшеріне сәйкес келетін айырбас баламасын қамтамасыз ете алуы керек. Екіншіден, айырбас қатысушыларына олардың әлеуметтік мәртебесіне сай «қоректі» қамтамасыз ете алған жағдайда баға әділетті болады. Баға қойылғанда тауарларды сақтау, жеткізу шығындары және тауарды жоғалтып алу жағдайында сақтандыру шығындары ескерілуі тиіс.

      Ойшыл өсімқорлықты кінәраттады. Өсім алуды ол табиғатта жоқ затты сатумен салыстырды. Алайда жалдамалы армияны ұстауға, мемлекет қажеттіліктеріне жұмсалатын ақшалай қарыздар болуы керек деп есептеді. Бұл жағдайда өсім пайызын алу – қарыз ақшаны жоғалту тәуекелі үшін өтем.

      Ф. Аквинскийдің пікірінше, ақша келісім негізінде, айырбас ыңғайлы болуы үшін туындайды. Ақша корөл билігінің тапсыруымен шығарылады: ол монетаны шығарады және оның құнын белгілейді. Ойшыл ақшаның «бұзылуына» қарсы шығады, ақша қорын жинап, сақтауды ұсынады.

      Ежелгі және орта ғасырлардың ғұлама ғалымдарының еңбектері бүкіл адамзаттың алтын қорын құрды, адамзат ой-пікірлерінің дамуындағы көптеген бағыттарының, соның ішінде экономика ғылымының негізін салды.

      Жаңа шаруашылық құрылыс – буржуазиялық құрылыстың қарқынды дамуында протестанттық дін (ХV-ХVІ ғғ. қалыптасқан христиандықтың бір бағыты) басым рөл атқарды. Ұқыптылық, іскерлік, орынды тәуекел, сақтық, шыншылдық – жаңа уақыттағы іскер адамның қасиеттері болды. Қарыз пайызын алу, сауда күнәһарлық және сынға алынатын әрекеттер болудан қалды, баға сатушылар мен сатып алушылардың өзара келісімімен белгіленді. Көптеген зерттеушілердің (М. Вебер) пікірінше, Ұлыбритания, Нидерланд, АҚШ сияқты мемлекеттердің қарқынды дамуы «протестанттық рухына» байланысты болды.

      Әдебиеттер:

      1. Әл-Фараби. Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат // Экономика. Әлемдік классика, 10 томдық. Т.1. – А., 2006.

      2. Жатканбаев Е.Б. Средневековые мыслители Центральной Азии о государстве и государственном управлении // Вестник КазГУ, серия экономическая. – 1998. – № 10. – С.152-156 .

      3. Исқалиев М.Д. Өткен кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі қөзқарас (методологиялық, теориялық, іс-тәжірибелік аспектілері). – Алматы, 2004. – 299 б.

      4. Блауг М. Экономическая мысль в ретроспективе. – М., 1994.

      5. Всемирная история экономической мысли: В 6 т. Т. I. – М., 1987. – 606 с.

      6. Ядгаров Я. С. История экономических учений: учебник. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ИНФРА-М, 2009. – 480 с.

      Түйін сөздер: Ежелгі Шығыстың экономикалық ой-пікірлері, антикалық экономикалық ой-пікірлер, шығыс елдеріндегі орта ғасырлық экономикалық ой-пікірлер, Еуропа елдеріндегі орта ғасырлық экономикалық ой-пікірлер, хрематистика, өсімқорлық, «әділетті баға» концепциясы, азиаттық өндіріс тәсілі.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Ежелгі