Коллектив авторов

Экономикалық ілімдер тарихы


Скачать книгу

тауарларға барынша жоғары баға және жоғары кеден салықтарын орнатқан. Мұндай саясатты жүзеге асыру сауданың жойылуына алып келуі мүмкін еді, сол себептен Еуропаның көптеген мемлекеттері едәуір икемді саясатқа көшуді жөн көрді.

      Кейінгі меркантилизм (XVI ғ. Екінші жартысынан бастап) активті сауда балансы концепциясына негізделген. Елге ақшаның ағылуын экспорттың көлемін импорттан көбейту арқылы, яғни актив сальдо арқылы жүзеге асыруды ұсынған. Әкімшілік шараларды экономикалық бағыттағы ұсыныстар ығыстырып шығарды. Елге ақшаны алып келудің ең тиімді әдісі – экспортталатын тауар көлемін арттыру және сыртқа шығарудың ішке алып келуден көлемінің артуы болып саналды. Мемлекет мануфактуралық өндірісті, делдалдық сауданы, дайын өнім импортын қолдады және тек қана шикізат өнімдерін экспорттауға рұқсат етілді. Соңғы меркантилизм өкілдерінің пікірінше, елге ақшаны тек қана жинақтау емес, оларды айналысқа түсіру тиімді деп санады. Т Мен былай деп жазды: «Шаруаға өнімді алу үшін жерге дәнді себу керек болса, тура сол секілді көпес өз тауарларын көбірек сатуы және ұлтына қосымша қаражат түрінде пайда түсіруі үшін ақшаны сыртқа шығаруы және шетел тауарларын сатып алуы керек».

      Меркантилизм әр елде өзіндік ерекшеліктерімен дамыды, бұл экономикалық өсудің әртүрлі деңгейімен түсіндіріледі. Ерте меркантилизм өкілдері – Б. Даванзатти (Италия), У. Стаффорд (Англия) сауданы, тауардың импортын шектеуді қолдап және монеталарды шетелге шығаруға қарсы болған. Англиядағы кейінгі меркантилизмнің өкілі Т. Мен болып табылады. Сауданы дамытудың мақсаты ретінде Т Мен өндірістің шикізат базасын ұлғайтуды, шетел тауарларын тұтынуды азайтуды, шығындарды азайту үшін жұмысшылардың еңбек ақысын шектеуді ұсынған. Францияда он сегізінші ғасырда мемлекеттік билік кольбертизм саясатын жүзеге асырды, бұл саясат сыртқы сауданың дамуын, шикізаттың бағалы түрін шетелге шығаруды тоқтатуын, субсидиялар және артықшылықтар арқылы мануфактураны дамытуды және кеден салықтарын орнатуды қолдады. Француздық меркантилист А. Монкретьен ғылыми айналысқа «саяси экономия» терминін енгізді және оны шаруашылық әрекеттің тәжірибелік ережесі ретінде қолдануды ұсынды.

      Соңғы зерттеушілер меркантилизмнің, соның ішінде активті сауда балансы концепциясының теориялық әлсіздігін көрсетті. XVII ғасырдың ортасында-ақ кейбір сұңғыла экономистер мемлекетке бағалы металдардың әкелінуі ішкі бағаның өсуіне, импорттың азаюына, мемлекеттен капиталдың шығарылуына әкеліп, біртіндеп сыртқы сауданың оң балансынан түсетін ұтымды жоятындығын түсінді. Сол уақыттағы әдебиеттерді талдау көптеген меркантилистердің активті сауда балансы мен инфляция арасындағы байланысты нақты түсінгендігін көрсетеді. Мысалы, Т Мен: «Империядағы ақшаның көптігі отандық тауардың бағасының өсуіне алып келетінімен бәрі келіседі» деп жазды және бұл оның өз жорамалдарына қарамақайшы пікір. Мұндай жағдайда меркантилистер неліктен елдегі ақшаның